Қазақтың латын әліпбиінің принциптерін үйренеміз

Асем Утешева     29 Nov,2017        

Жаңа қазақ әліпбиінің негіздері, Қазақстандағы латын қаріпі меңгеру жолдары мен болашағы мәселесі 2017 жылдың 28 қарашасы күні шетел және орыс филологиясы факультетінде талқыға түсті. Факультетте «Латын әліпбиінің негізгі ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

   

Көтерілген мәселені талдауға университетімізден шақырылған мамандар ат салысты. Атап айтқанда қазақ филологиясы факультетінің оқытушылары қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Муканова Қ.Қ., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сағанаева Г.Б. мағыналы баяндамалар жасады.

Баяндамаларда қазақ графикасының тарихы, араб, латын және кириллица жүйесіндегі әліпби нұсқалары және латын әліпбиіне көшудің қазақстан қоғамына және қазақ тіліне ашар жарқын болашағы туралы сөз болды. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісіне әсер еткен әр түрлі факторлар, яғни әлеуметтік-мәдени, оқу-педагогикалық және экономикалық, саяси факторлар бар екендігі атап өтілді.

Латын әліпбиі жаңа технологиямен байланыстырылады, ол қазіргі өркениетке енуге көмектесіп қана қоймайды, сонымен бірге түркі халықтарымен мәдени және экономикалық байланысты сақтауға ықпал етеді. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасы ұсынылған болатын, қазірде олар қызу талқылану үстінде. Дегенмен қазақ тілінің фонемалық құрамын анықтайтын, әріптерді қолдану ережелері мен принциптері арқылы тиімді нұсқаны қабылдауға уақыт қажет.

         

Жаңа қазақ графикасының мәселелері студенттер мен оқытушыларының көптеген сауалдарын туғызды. Латын әліпбиінде жоқ қазақ дыбыстары қалай белгіленеді? Қазақ латын әліпбиіне оқыттатын мамандар қалай дайындалады? Жаңа графикаға көшу кезінде Қазақстан мектептерінде қандай оқу-әдістемелік мәселелер туындайды? Латын әліпбиіне көшудің қандай экнономикалық қиыншылықтары бар? Осындай сауалдар дөңгелек үстелге қатысуышларды толғандырды.

Мамандарды дайындау жүйесінің өзгеретіндігі түсінікті. Тілдік мамандықтарда және ІТ технология мамандықтарында транлитреация және аударма мәселелері терең оқытылуы керек. Ал қазіргі кезде бұл пәндер жалпы тіл білімінің бір бөлімі ретінде ғана оқытылады.

Дөңгелек үстел жұмысы мәдени өмірмен, тілмен және білім алумен тығыз байланысты шетел және орыс филологиясы факультеті үшін зор мағынаға ие. Қазіргі таңда филологтарға, студенттер мен оқытушыларға өз білімдері мен мүмкіншіліктерін пайдаланып ғылыми-зерттеу жобаларына және латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиіне көшу мәселелерін қарастыратын мәдени бағдарламаларға қатысуы керек.

1 курс студенті  Маржан Абдулманова былай деп атап көрсетті: «Біздің әр қайсымыздың үйімізде ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы аса қызығушылықпен әр түрлі сұрақтар қояды. Осы уақытқа дейін бізде бұл туралы көп нәрсе білмей келді. Енді бүгін үйге барғанда біз оларға көп нәрсе түсіндіріп бере аламыз. Бүгін мен көп мәлімет алдым және туғандарым маған риза болады»

2 курс студенті Жастолкын Турарбекова латын әліпбиі үйрету мақсатында факультетте әр түрлі қызықты интеллектуалдық ойындар, КВН және викториналар ұйымдастыруды ұсынды.

Дөңгелек үстел факультетте қазақ тілінің жаңа графикалық жүйесін үйрету бағдарламасының бастамасы болмақ.