Киберспорт бойынша қала мектептері мен колледждері арасындағы турнир

Администратор     08 Jan,2019        

4 қаңтарда Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының ұйымдастыруымен киберспорттық сайыс бойынша қала мектептері мен колледждері арасында ашық турнир өткізілді.

Сайысқа барлығы 20 команда қатысты. Келесі мектеп және колледж өкілдері өз қатысушыларын белсенді қолдады № 2 ЖОББМ, №11 ЖОББМ, №12 ЖОББМ, №15 ЖОББМ, №17 ЖОББМ, №18 ЖОББМ, №22 ЖОББМ, №29 ЖОББМ, №32 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, №35 ЖОББМ, №38 ЖОББМ, №39 ЖОББМ, №42 ЖОББМ, №47 ЖОББМ, Электротехникалық колледж, Радиотехника және байланыс колледжі, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі. Турнир олимпиядалық жүйемен өткізілді. Қарсылас командалар жеребе тарту әдісімен іріктеліп алынды.

 

Нәтижесінде № 32 жалпы орта білім беру мектебінің “TeamOplex” командасы турнир жеңімпазы атанды, 2-орынды №33 жалпы орта білім беру мектебінің “School33” командасы жеңіп алды, ал 3-орынды Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің командасы иеленді. №35 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Еламан Ишанов сайыстың “Үздік ойыншысы” болып танылды.

 

Барлық жеңімпаздарға кубоктар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Турнирдің жақсы ұйымдастырылғанын атап өткен қатысушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, келешекте осындай іс-шараларға атсалысуға өз ниеттерін білдірді.