Декан: Сейлгазина Сауле Мұнқанқызы
БАЙЛАНЫСТАР

E-mail: saulemukanovna@mail.ru

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Аграрлық факультеті – Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ауылшаруашылығы саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындайтын жалғыз оқу орны, жарты ғасырдан асқан, сонау Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтынан бастама алған, бүгінгі таңда 60 жылдық тарихы бар факультет.
Барлық мамандықтарға және білім беру түрлеріне сәйкестендірілген мемлекеттік лицензиялар бар. Факультеттің барлық мамандықтары еңбектің нарығында қажетті.
Осы бағытта аграрлық факультетінің қосар үлесі орасан зор, олай дейтініміз, факультетіміз заманауи жаңа оқыту техникаларымен жабдықталып, оқытудың жаңа озық тәсілідері мен бағдарламаларын іске асыру барысында айтарлықтай дамып келеді.
Факультетімізде білімді де білікті профессорлар, 7 ғылым докторлары мен 35-ғылым кандидаттары, доценттер және профессорлы-оқытушылар құрамы оқу-тәрбие жұмыстарымен шұғылданады. Факультет құрамында 5 кафедра бар.
Факультет барлық қажетті материальдық-техникалық базамен, сондай-ақ қазіргі заманға сай зертханалармен, шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжірбиесі және кең халықаралық байланыстары бар көпсалалы оқу орны.
Факультет жақын және алыс шет ел университтерімен және ғылыми орталықтармен белсенді халықаралық байланыс, бірлесіп ғылыми-техникалық жобалар атқарады, сондай-ақ студенттер мен магистранттар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға жүлделі орындарға ие болды.
Факультет студенттік өмірінің орталығы болып Қазақстан студенттер Альянсы ҚСА, старостат кеңесі және кіші деканат табылады. Бұл құрылым тұлға тәрбиелеуді қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісінің негізі. Басқа қаладан келіп оқитын студенттерге жатқхана беріледі. АФ студенттерді 6 жоғарғы бакалавриат, 2 жоғарғы және 5 магистратура мамандықтары бойынша мамандарды даярлайды.

Факультет құрамына 5 кафедра, 10 ғылыми-зерттеу зертханалары кіреді.
– «Ветеринариялық медицина» кафедрасы
– «Ветеринариялық санитария» кафедрасы
– «Малшаруашылығы және аңшылықтану » кафедрасы
– «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
– «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасы
Зертханалар:
– Ветеринариядағы инновациялық-технология зертханасы – жетекшісі: к.в.н., доцент Байгазанов А.Н.,
– Ауыл шаруашылық малдарын нормалап азықтандыру және азық сапасын бағалау зертханасы – жетекшісі: а.ш.ғ.к., доцент Игликов О.Д.,
– Ауылшаруашылық малдарын селекциялық асылдандыру ісі орталығы – жетекшісі: а.ш.ғ.д.., профессор Кожебаев Б.Ж.
– Тұқым сапасын сараптау зертханасы – жетекшісі: магистр. Ануарбекова А
– Топырақты сараптау зертханасы – жетекшісі: аға оқытушы Сағындыков С.Н.
– Ауылшаруашылық малдарының қанын биохимиялық сараптау зертханасы – жетекшісі: в.ғ.к., профессор м.а. Тойкина Г.Н.
– Инновациялық технологияны қолдана отырып жылдам көбею зертханасы – жетекшісі: в.ғ.к., доцент Мухамадиева Н.Н.
– Биогеохимиялық зертханасы – жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Поливкина Е.Н.
– Бағалы балық түрлерін өсіру зертханасы – жетекшісі: магистр. Цикалов К.Б.
– Университет арқылы қабылдау орталығы – жетекшісі: в.ғ.к., доцент м.а. Тусупов С.Д.
– Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы – жетекшісі: в.ғ.к.,профессор м.а. Серикова А.Т.
– Генді сараптау зертханасы – жетекшісі: магистр. Кенжебаева Т.Х.
– Паразитология зертханасы – жетекшісі: в.ғ.к., доцент м.а. Ахметжанов О.Н.

Факультетте: жануарларға арналған рентген кабинеті, виварий, жылы-жай, анатомиялық мұражай бар.
Қазіргі таңда Аграрлық факультетте 6 бакалавр мамандығы, 2 жоғары арнайы білім мамандығы, 5 магистратура, 1 PhD докторантура мамандықтарын даярлайды.
БАКАЛАВР МАМАНДЫҚТАРЫ
5В060800 – Экология.
5В073100 –Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.
5В080100 – Агрономия.
5В080200 – Мал өнімдерін өндіру технологиясы (зоотехния).
5В080300 – Аң және аңшылықтану
5В080700 – Орман және орман шаруашылығы.
ЖОҒАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ МАМАНДЫҚТАРЫ:
5В120100 – Ветеринариялық медицина.
5В120200 – Ветеринариялық санитария.
Магистрлік мамандықтарЫ:
6M060800 – Экология.
6М080100 – Агрономия.
6M120100 – Ветеринариялық медицина.
6M120200 – Ветеринариялық санитария.
6М080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы (зоотехния).
Докторантура мамандықтары:
6D120100 – Ветеринариялық медицина.

Факультетіміз халықаралық оқу орындарымен атап айтсақ, Америка Құрама Штаты, Англия, Турция, Германия, Чехия, Болгария және Польшамен тығыз байланыс жасайды. Соңғы 3 жылда Аграрлық факультетінде: Сарбасов Дос – доктор PhD, АҚШ, Техас университетінен; Нил Дайер – доктор PhD, АҚШ, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінен; Трэвис и Роберд Меддоки – доктор PhD, Дакота Глобал, АҚШ, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінен; Чарли Столтноу – доктор PhD, АҚШ, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінен; Омарбеков Ж. Е. – ветеринариялық медицина докторы, АҚШ, Хьюстон университетінен; Михайловский С.В.- доктор PhD, Англия «Брайтон» университетінен; Юлдашбаев Ю.А.- а.ш.ғ.д., профессор, РМАУ К.А. Тимирязев атындағы университетінен; Мир Муддасир Гофхар, Манав Бхарти – доктор PhD, Индиядан; Христина Янгева – доктор PhD, Аграрлық университетінің ректоры, Пловдо қаласы (Болгария); Божена Лозовещка – доктор PhD, «Өсімдік қорғау институты» Польша мемлекетінен, Финогенов Артем Юрьевич- ” С.Н. Вышелесский атандығы Эксперименталды ветеринария институты” бөлім меңгерушісі, Минск қаласы, Заболотный Михаил Васильевич- ОММАУ ветеринария мен санитарлық экспертиза кафедра меңгерушісі , Мырзабек Ханжарбай (Моңғолия, Баян-Өлгей қаласы) – Баян-Өлгей Ғылым Академиясы – экономика ғылыми орталығы экология секторының меңгерушскеліп, ПОҚ және магистранттар мен студенттерге дәрістерін оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

  1. 2006 – 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО Үздік оқытушысы» грантын иеленді:
  2. 2006 ж. – ветеринария ғылымидарының докторы, профессор [Кожанов Кенесхан Нургалиевич];
  3. 2006 ж.- ветеринария ғылымидарының докторы, профессор [Искаков Маратбек Мукабекович];
  4. 2006 ж.- биология ғылымдарының докторы, профессор м.а. Арынова Райхан Ахметовна;
  5. 2006 ж.- биология ғылымдарының докторы, профессор Жумадина Шолпан Молдажановна;
  6. 2012 ж. – ветеринария ғылымидарының докторы, профессор Дюсембаев Серғазы Тұрлыбекұлы;
  7. 2012 ж. – биология ғылымдарының докторы, профессор м.а. Сатаева Алия Рифхатовна
  8. 2015 ж – РФ а-ш.ғ.д.,профессор м.а.,факультет деканы Сейлгазина Сауле Мункановна
  9. 2015 ж – а-ш.ғ.докторы – Кожебаев Болатбек Жанахметович

1950ж. Семей зоотехникалық–малдәрігерлік институты КСРО Министрлер Кеңесінің 15.12. 1950 ж. № 4943 қаулысынан кейін КСРО АШМ 25.12. 1950 ж. № 1794 бұйрығымен ашылып, оған жылына қабылданатын студенттер құрамы 300 адам белгіленген.

1952ж. – жоғары оқу орны ресми түрде 1952 ж. 1 қыркүйегінде ашылған.

1995ж. – ҚР Министрлер Кабинеті қаулысымен институт жойылып, оның негізінде «Семей» мемлекеттік университеті құрылды. 1999 ж. Ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет болып аталды.

Семей зоотехникалық–малдәрігерлік институты ветеринария және агро менеджмент факультетіне (2004ж.– Агроэкологиялық институт, 2006ж. – ветеринария және мал шаруашылығы факультеті, 2007ж. – Агроэкологиялық факультет, ал 2008ж. Аграрлық факультет) болып қалыптасты.

Факультеттің тұңғыш деканы, әрі «Адам және жануарлар морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының меңгерушісі болып профессор З.Қ.Тоқаев (ректор, м.д.ғ.д, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, РФ профессоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, қазақтың жаңа құйрықты жартылай қылшық жүнді «Байыс» қой тұқымының авторы) тағайындалды.

Деканның орынбасары қызметін Е.О.Омарбеков, С.М.Сейлгазина, О.Д.Ильгенбаев, Р.Ж.Байгапанова, Г.Е.Лариненко, С.Х.Тойкин, Г.С. Сапарова, С.Т. Дүйсембаев, С.К.Қалиева, С.М.Туғамбаева, А.С.Қойгелдинова атқарды. Қазіргі кезде бұл қызметті ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі – Закиева А.А. және тәрбие жұмысы бойынша ветеринария ғылымдарының магистрі – Жакиянова М.С  атқаруда. диспетчері – Есенова Күлкен.

Аграрлық факультеттің Миссиясы аграрлық ғылым саласындағы классикалық білім беру құндылықтарын сақтай келе, іргелі білім алған және инновацияны тиімді енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

  1. Қадағалау аудит барысында сәйкесіздіктердің болмауын қадағалау.
  2. Профессор-оқытушылар құрамының кем дегенде 4 мақалаларын шетел басылымдарында импакт-факторына жариялау.
  3. Студенттердің оқу үлгерімдерінің сапасын 89% жоғарлату.
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бағыты бойынша ғылыми тақырыптар гранттарына ПОҚ қатысуын қадағалау.
  5. Кафедра ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарына студенттерді қатыстыру және студенттерге республикалық деңгейде өтетін олимпиадаларға қатысуларына мүмкіндік жасау.
  6. Факультеттің ПОҚ дәрежесін PhD доктарантура бағдарламасы бойынша төмендегі мамандықтар бойынша көтеру:
    • 6D120200-«Ветеринариялық санитария» – 1 адам
    • 6D080700-«Орман ресурстары және орманшылық» – 1 адам
    • 6D080200-«Тағам өнімдерін өндіру технологиясы»-1 адам
  7. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 оқу зертханасын құру:
    • Малшаруашылығы және аңшылықтану кафедрасы «Морфология және жануарлар физиологиясы»;
    • Агротехнология және орман ресурстары кафедрасы «Топыраққа анализ жасау және дәндердің сапасын анықтауға арналған оқу лабораториясы»
  8. Университетіміздің қабырғасынада өткізілетін әртүрлі мерекелік іс-шараларға студенттердің қатысуын 50%-ға көтеру.

ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

Негізгі міндеттер: жаңа технологияларды меңгеру, оқу процесіне енгізілетін, инновациялық технологияны өндіріспен, ғылыммен байланыстыра отырып жоғары білікті мамандарды даярлау.

Факультетте жоғары мамандандырылған ПОҚ бар, оның ішінде 3 академик, 13 ғылым докторы, профессорлар, 40 ғылым кандидаттары, доценттер, 6 мемлекеттік грант иегерлері бар. Ғылыми көрсеткіші 81,5 %.

Мемлекеттік марапаттарға ие болған ПОҚ:

  1. Тоқаев Зейнолла Қалымбекович – в.ғ.д. «Малшаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының профессоры – медальдар: «Ерен еңбегі үшін». «В.И. Лениннің 100 жылдығына орай» 25.03.1970ж; «Еңбек ардагері» 21.04.1987ж; «Ерен еңбегі үшін» 12.12.2002 ж; «Астанаға 10 жыл» толуына орай 13.07.2008 ж; «Құрмет» орденімен 2012ж.
  2. Садвакасов Мұқташ Садвакасович – в.ғ.к. «Ветеринариялық санитария» кафедрасының профессоры – медальдар: «Тың жерлерді игергені үшін» 9.10.1966 ж; «Еңбек ардагері» 13.06.1989 ж; «Шәкәрім» медальі, 2013ж.
  3. Жұмабеков Халит Смагулович – в.ғ.к. «Ветеринариялық санитария» кафедрасы профессоры – «Еңбек ардагері» медальі, 13.06.1989 ж.
  4. Лавриненко Галина Еремеевна – в.ғ.к. «Агротехнология» кафедрасы доценті – «Еңбек ардагері» медальі, 3.03.1988 ж.
  5. Туғамбаева Салима Манатовна – в.ғ.к. «Малшаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының профессор м.а., – медаль: «Шәкәрім» медальі, 2011ж.

Төс белгімен марапатталғандар:

1.Жұмабеков Халит Смагулович – в.ғ.к. «Ветеринариялық санитария» кафедрасының профессоры – «ҚР Жоғарғы мектептің қалаулы жұмысшы», 21.09.2002 ж.

  1. Тоқаев Зейнолла Калымбекұлы – в.ғ.д. «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының профессоры «ҚР білім бағытындағы қалаулы жұмысшысы», 8.02.2002 ж.

3.Омарбеков Есенгельды Омарбекович – в.ғ.к. «Ветеринариялық санитария» кафедрасының доценті – «СССР қазақ халқының үздігі», 27.08.1992 ж.

Аграрлық факультетте компьютерлік технологиялық оқу бағытына көшу жүзеге асырылуда, білім бер бағдарламасы аясында РФ-ның жоғарғы оқу орындарымен байланыс дамуда, «Екі дипломдық білім» бағдарламасы бойынша Омбы мемлекеттік аграрлық университетімен келісім- шартқа отырды.

Аграрлық факультеттің 5 кафедрсы: «Ветеринариялық медицина», «Малшаруашылығы және аңшылықтану», «Ветеринариялық санитария», «Агротехнология және орман ресурстары», «Экология және ҚОҚ» көп деңгелі дайындау арқылы – бакалавриат (биология, малшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, экология, агрономия, аң шаруашылығы және аңшылықтану, орман шаруашылғы және орман ресурстары, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қаупсіздігі), жоғары арнайы білім мамандықтар (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария) и жоғары арнайы білімнен кейінгі мамандықтар (магистратура: 6M120100 – Ветеринарная медицина; 6M120200 – Bетеринариялық санитария; 6М060800 – Экология, 6М080200- Малшаруашылығы өнмдерін өндіру технологиясы, 6М080100- Агрономия) (докторантура: 6D120100 – Ветеринариялық медицина)жүргізеді.

Университет құрамындағы Аграрлық факультеті ISO-9001-2000 сапа менеджменті жүйесіне сай сертификатталған. 2008 ж. университеттің СМЖ 3 жылға қайта сертификатталды.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Факультеттің тәрбие жұмысы мына бағыттар бойынша: ақпараттық аналитикалық және әдістемелікпен қамту тәрбие жұмыстары, азаматтық-отан сүйгіштік және құқықтық тәрбие бойынша іс-шаралар, рухани-адамгершілік тәрбие бойынша іс-шаралар, студенттерге және тұлға ретінде коммуникативтік мәдени және әлеуметтік танымдық сапаны қалыптастыруға, жас талантарды қолдау мен дамытуға бағыталған іс- шаралар, салауатты өмір салтын насихаттау дене тәрбиесін қалыптастыруға арналған шаралары, елбасының халыққа жолдауын насихаттауға арналған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Деканат кафедралармен тығыз байланыста, әрбір куратор топ арасында жоспар бойынша әртүрлі бағытта, тақырыбтар бойынша жұмыс жасайды.

  • оқу үлгерімдері мен сабаққа қатысу;
  • нашақорлық пен темекінің, алькогольдін кері әсері;
  • жеке бастың тазалығы және де салауатты өмір салты;
  • төтенша, кездейсоқ жағдайлар туралы;
  • өзін-өзі тану, толеранттылық;
  • жоғарғы оқу орнының ішкі тәртібі.