Декан: Ердыбаева Назгуль Кадырбековна
БАЙЛАНЫСТАР

Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш. 20а

Еңбек нарығында ақпараттық технологиялар саласындағы сараптама, автоматтандыру және басқару, бағдарламалық қамтамасыз ету, құрылыс, әрқашан сұранысқа ие және осындай мамандар үшін сұраныс тұрақты түрде артып отыр мамандар.Мұндай мамандар  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінде  даярлануда.

Факультет құрамына 3 кафедра және мамандық бойынша білім алып отырған өндіріс негізіндегі 3 филиалы кіреді:

  • «Автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасы – 5В070200 «Автоматтандыру және басқару», 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»;
  • «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы – 5В070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру»;
  • «Геодезия және құрылыс» кафедрасы – 5В071100 «Геодезия және картография», 5В072900 – «Құрылыс», 5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндеу».

Барлық мамандықтардың дайындық нысандарына тиісті мемлекеттік лицензиясы бар.

Факультет деканы –Ердыбаева Назгуль Қадырбековна

Факультет деканының  орынбасары – Қайсанов Советқазы  Бекенович

Қазіргі таңда факультет  мынадай стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс жасауда:

  1. Факультет мамандықтарының практикалық интеграция жағынан халықаралық білім беру кеңістігінде дамуы. Бұл салада, жұмыс қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді дайындау жұмыстары жалғасуда. Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және Джонгсан Ұлттық университеті арасындағы студенттермен алмасу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум негізінде бірлесіп 2 + 2 бағдарламасына мамандарды даярлау үшін оқу жоспарын әзірледі. Бұл бағдарлама бойынша Оңтүстік Кореяда Салкенов А. – 2 курс, Егизеков М., Бексултанова А. -1курс оқытып жүр.
  1. Іргелі, қолданбалы және инновациялық жобаларды, соның ішінде, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру орындау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің ғалымдары мен жетекші мамандарын түрлі жарыстар мен конкурстарға (оның ішінде халықаралық) қатысуға тарту.
    • Жоба аясында жаңа элективті курстардың оқу процесіне енгізе отырып, «Микроэлектрондық инженерлік екі деңгейлі инновациялық бағдарламасын әзірлеу» Erasmus+ (2015-2017жж) бағдарламасы бойынша халықаралық жобаны іске қосу. Жоба үйлестірушілері – Тлеубаева Н.М., Берикханова Г.Е. Жауапты орындаушы – «Автоматика және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Золотов.А.Д.
    • «Жемшөп қоспаларына байланысты сиыр етінің сапасын  зерттеу жүйелеу, өңдеу  барысында бағдарламаның жобалануы» – жауапты орындаушы – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Смагулов С.К.
    • Семей сынақ полигонындағы экологиялық қауіпті обьектілердің жергілікті, деформацияланған мониторинг жүйесінің құрылуы және дамуы – жетекшісі – «Геодезия және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Н.А.Кудеринова.
  1. Көптілді білім беру жүйесін дамыту – Курушбаева Д.Т. Адылканова А.Ж., Зенкович К.У., Оспанов Е.А., Дюсембина Э.М., Куанышқызы Ә., Балагазинов И.К. оқытушылары «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша АКТФ, ИТФ, Аграрлық, Экономика және құқық факультеттеріне сабақ беруде. Сонымен қатар қосымша сабақтардың жүргізілуі мен оқу әдістемелік құралдарының ағылшын тілінде жасалу дайындығы жалғасуда.

Факультет кафедраларында 45 оқытушы,соның ішінде, 3 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, доцент, 22 магистр және алдыңғы қатарлы Ресей және Қазақстан  университетінің түлектері жұмыс жасайды.

Факультетте 600 шамасында студент білім алуда, олардың 400 күндізгі бөлім студенттері.

Факультетте «Автоматтандыру және басқару» 6М070200 мамандығы бойынша магистратура жұмыс жүргізуде.

Оқытушылар сабақтарында қазіргі заманға сай  компьютерлік технологиялар, мультимедиялық жүйелер мен интернет көзін пайдаланады.

Оқушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы (Польша, Түркия, Оңтүстік Корея) және қос дипломды білім беру «2 + 2» Джонгсан ұлттық университеті, Оңтүстік Корея үшін жақын және алыс шетелдерге оқуға мүмкіндігі бар.

Новосібір қаласындағы геосистем және технология Сібір мемлекеттік университеті (Ресей) мен Бельско-Бяла (Польша) қаласындағы Техникалық -Гуманитарлық академиясымен ынтымақтастық құрылған. Жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарының ғалымдары студенттерге дәріс оқып, ғылыми жобаларының дайындығын қадағалайды.

Студенттік өмір – бұл тек қана сабақ емес,белсенді азаматтық парыз болып табылады ,сол себепті факультетте тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінеді.

Студенттер қалалық жастар ұйымдарына қатысып, өз өнерлерін көрсете алады: «Жасыл ел» «АСК» «Дебаттық клуб» «КВН» сонымен қатар кіші деканат пен студенттік ұйымның құрамына кіре алады.

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті 2004 жылы «Автоматика және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Жоғары математика», «Информатика», «Дизайн және инженерлік графика» кафедраларының негізінде құрылған.

2004 – 2007 ж.ж – факультеттің бірінші деканы, т.ғ.к., доцент Акимов Мухамеджан Мансурович тағайындалды.

2004 ж. –  факультетте кредиттік оқыту жүйесі енгізілді.

2005 ж. – факультетте сертификатталған сапа менеджмент жүйесі енгізілді.

2007 ж. – факультет құрамына «Физика және электротехника» кафедрасы енгізілді.

2007-2011 ж.ж. – факультет деканы болып педагогика ғылымдарының кандидаты Утеджанова Бибатпа Кешеновна тағайындалды.

2011-2016 ж.ж – факультет деканы болып  техника ғылымдарының докторы, профессор Какимов Айтбек Калиевич тағайындалды.

2012 ж. – факультет мамандықтарына қашықтықтан оқыту технологиясы енгізілді.

2012 ж. бастап – Шайханова.А.К., Құттықадамов М.Е., Жумангалиева Н., Оспанов Е.А. факультет оқытушылары PhD-докторантурасына жіберілді.

2014 ж. – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының түлегі Серикбекова А. «Болашақ» бағдарламасы бойынша (University college London) Англияға оқуға түсті.

2015 ж. – «Еразмус+» халықаралық жобасында жұмысы басталуы.

2016 ж. – факультет деканы болып физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ердыбаева Назгүл Қадырбековна тағайындалды.

Ақпараттық коммуникациялық технология факультетінің миссиясы  жоғары өнегелік-азаматтық  әлеуетке ие және өндіріс пен бизнестің сан алуан салаларында өзін табысты жүзеге асыруға қабілетті жаңа көзқарастағы мамандар даярлаудан тұрады.

  1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ талдау үрдісінің көмегімен сапа деңгейін үздіксіз көтеру-қысқы және жазғы емтихан сесиияларының нәтижесі бойынша факультеттегі үлгерімді арттыру:
    • Күндізгі бөлімде-80 % ға дейін
    • Сырттай бөлімде -75%ға дейін.
  2. Факультеттің ПОҚ  кәсіби даярлығын және біліктілігін жүйелі түрде арттыру:
    • Мақсатты магистратураға және PhD докторантураға «Ақпараттық жүйе», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдау ұйымдастыру,», «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша кемінде 5 адам жіберу;
    • Факультеттің ПОҚ ғылыми- зкрттеушілік жұмыстарына қатысуын 80 % ға дейін және студенттерді 45 % ға дейін көтеру;
    • Біліктілікті арттыру курстарына факультет кафедраларынан кемінде 3 оқытушы жіберу;
    • Нөлдік импакт-фактормен және  дәйектеу индексімен (Thomson Reuters  және Scopus) кемінде 2 мақала жариялау.
  3. Жоғары мектеп талаптарын қанағаттандыратын білім беруде қызмет сапасын көтеру:
    • Факультет мамандықтарының  пәндерінен ОӘК қамтамасыз етілуін 80 % ға дейін арттыру;
    • Академиялық ұтқырлық бойынша ұлттық және аймақтық университеттерге кемінде  4 студент жіберу.
  4. 2017-2018 оқу жылында 1 курс студенттерінің санын есеп бойынша әр мамандық бойынша 2 толық (қаз,орыс) топқа жеткізу мақсатында қала және аудандардың мектеп, колледждерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсендіру.