Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясы 1-20 маусым аралығында кешенді тестілеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жай: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 А, телефон: 31 87 81. Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 7 шілде аралығында 5B010600 – «Музыкалық білім», 5B010700 – «Бейнелеу өнері және сызу», 5B010800 – «Дене шынықтыру және спорт», 5В042100 – «Дизайн», 5В050400 – «Журналистика» шығармашылық мамандықтарға құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жай: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 А, телефон: 31 87 81.
Декан: Толымгожинова Майгуль Камбархановна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 53-13-30

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ірі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультетте  оқу үдерісі келісілген білім беру бағдарламасы  бойынша бакалавр  мен магистранттарды  төмендегідей бағыттарда дайындайды:

Бакалавриат Магистратура
5В011500 – Құқық негіздері

5В030100 –Құқықтану

5В050600 – Экономика,

5В050700 – Менеджмент,

5В050800 – Есеп және аудит,

5В050900 – Қаржы,

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

 

6М011500 – Құқық негіздері

6М050600 – Экономика,

6М050700 – Менеджмент,

6М050800 – Есеп және аудит,

6М050900 – Қаржы,

6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару,

6М090800 –Бағалау

 

Факультетте бакалаврларды  дайындау  бағдарламасында білім беру  күндізгі және қашықтан оқыту  түрінде жүргізіледі. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру  орта біліммен мамандаған  және жоғары білімі бар барлық мамандықтарда  жүргізіледі.

Факультет  білім беру бағдарламасын  Ресей Федерациясының Новосибир қаласындағы  «Бүгінгі бизнес академиясымен» Дурбан қаласындағы «Манкоса» Бизнес шеберлік басшылығына , Бакалавр бизнес администрациясымен, «Рекогнишн» Бизнес мектептерімен Халықаралық жоғары оқу орындары Питербург университетімен  (АҚШ), Джионгсангктік ұлттық университетіне  (Оңтүстік Корея), Нодолани атындағы қолданбалы өнер университетімен (Венгрия), Конил Нижметтин Ербахан университетінен (Түркия), Алтай мемлекттік педагогикалық академиясымен  (Барнаул қаласы), Томск  мемлекеттік университетімен, Мимар Синан өнер университеті, гуманитарлық зерттеулер  Тува институтымен (Тува) өзара тығыз байланыс орнатып отыр.

Факультет студенттеріне  алыс және жақын шетелдерден доктор Чунг   дәріс оқиды. 2011-2012 оқу жылында  дәріс оқуға және бірлескен ғылми жобаларды  орындау үшін Солтүстік Дакотадан (АҚШ), Батыс Виржиниидан, Техас штатынан , Түркия, Стамбулда Мармара университетінен профессорлар шақыртылды.

Шет тілдерін  терең, жан-жақты меңгеру үшін жыл сайын факультет оқытушылары мен студенттері Германияға,Ұлыбританияға оқуға жіберілді.

Экономика және құқық факультетінің материалдық базасы  жаңа стандарт пен сұраныстарға сай. Факультетте 1-С бухгалтерлік кабинет, «Салық басқармасының протопипі»  лабораториясы, Projes Expert бағдарламасының өкілдері, Mancossa халықаралық бағдарламасын  оқытуда мамандырылған  аудитория  бар. «Құқықтану» кафедрасында сот отырысы залы және криминалистика  кабинеті бар.

Факультеттегі оқу үрдісінде жаңа компьютерлік  технологиялар, электронды  оқу бағдармалары, мультимедиялық материалдар, интернет ресурстар  пайдаланылады. Факультет студенттері кітапхана, оқу залы және асханамен қамтамасыз етілген.

Факультет  студенттері жаңа үлгідегі  жаңа мүмкіндіктері бар жатақханамен қамтамасыз етілген. Факультетте жоғары мамандаған көп жылдық тәжірибесі бар, көп жылдар еңбек еткен  теориялық білімді  тәжірбиемен  ұштастыра білетін ғалымдар жұмыс істейді. Факультеттің  кадрлық әлеуеті докторант, кандидат және  магистранттармен толығады. Ал кадрлық құрам phd докторантурада  оқып   жатқан, ғылыми  атағы  мен дәрежесі бар оқытушылар  тұрады.

Оқу үрдісі болашақ мамандардың тәжірбиелік біліктік сапасын арттыруға бағытталады. Факультеттің профессорлық технологияларды қолдану барысында  интерактивті  әдістер мен  модульді білім беру бағдарламарын  дамытып отырады.

Факультет оқытушылары қашықтан оқыту  тезарусының, эссе, кейс үрдісіне енгізушілердің бірден- бірі болып табылады.

Іскерлік ойын, жағдаяттан  жығу,  әлеуметтік сауалдар  курстық жұмыстар мен диплом  жұмыстарында  қолданылып отырады.

Факультет қызметкерлері «Семей қаласындағы экономикалық еркін аймақты  қалыптастырушы» атты жобаны құрастырушылар.

ҚР Б ж Ғ м гранты  бойынша төмендегідей  тақырыптар аясында жұмыстар жүргізілуде:

-А. Бөкейхановтың тарихи –экономикалық жұмыстары аясы және «Алаш» қайраткерлерінің  қазақ экономикалық ғылымдарын дамытушылығы

-Бірыңғай көлік кеңістігін жобалау жағдайының  аймақтық интеграциялық аспектісі.

Факультетте тұрақты  даму орталығы  жұмыс атқарады.

Факультет студенттері  ғылыми-зерттеу жұмыстарына  белсенді түрде  қатысады. Факультетте  экономикалық білім беретін мектептер мен колледждермен бірлескен олимпиадалар үнемі өткізіліп отырады. Факультет «XXI ғасырдың студенттік бастамалары» атты экономика бойынша Семей, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларында өткен XI аймақтық олимпиадасының ұйымдастырушысы болып табылады.

Факультет студенттері  салауатты өмір  салтын жүргізуші  Республикалық  және халықаралық турнилердің бокс, дзюдо, күрес, жүгіру, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, футбол, баскетбол, волейбол, шахматттан спартакиадаларға қатысады. Студенттер білім алумен қатар   университет көлеміндегі жастарұйымдарының, Дебат клубтарының, квн басқа да мәдени шараларға қатысып отырады.

Факультет миссиясы кәсіптік біліктілікке ие және еліміз бен өңір көлемінде шығармашыылық қызметі іске асыруға қабілеті бар бәсекеге қабілетті, сапалы, әрі көпдеңгейлі, нарықта көшбасшы бола алатын, үздіксіз білім алу және ғылыми-зерттеу және оқу үрдісіне инновациялық тәсілдерді жүзеге асыра алатын мамандар даярлау.

  1. Ұсынылатын білім беру қызметінің сапасын арттыру:
    • – факультет студенттерінің оқу үлгерімі және білім саапасын 80 %-ға дейін өсу қарқынын қамтамасыз ету;
    • – факультет мамандықтары бойынша шет тілде 5тен кем емес арнайы курс өткізуді қамтамасыз еті;
  2. Жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жасау және жүргізу:
    • – нөлдік емес имфакт-факторлы халықаралық журналында 4-тен кем мақаланы баспадан шығаруды дайындау;
    • – ККСОН журналында 4-тен кем емес ғылыми мақаланы баспадан шығаруды дайындау;
    • – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысатын студенттердің үлестік салмағын 50 пайызға жеткізу;
    • – Мемлекеттік және орыс тілдерінде факультеттің мамандықтары бойынша 5 тен кем емес оқу құралын және монографияларын дайындау және баспадан шығару;
    • – факультет мамандықтары бойынша 4 тен кем электронды оқу құралын дайындау және баспадан шығару;
  3. Факультет түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейін 80 пайызға дейін арттыру.
  4. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттер және оқытушылардың санын 20 пайызға дейін арттыру.

Экономика және құқық  факультетінің тапсырмасы:

  • Білім беру және тәрбие жұмысында факультеттің салт –дәстүрін сақтау және дамыту;
  • Студенттердің шығармащылық әлеуетін дамыту және айқындауын қамтамасыз ететін технологияны енгізу;
  • бакалавриат-магистратура қағидасы бойынша үздіксіз білім беру қағидасын жүзеге асыру;
  • нарыққа қажетті ғылыми жаңалықтарға бейімделу, экономикалық және құқықтық жүйені дамыту бағыттарын жасау;
  • ҚР жоғары оқу орындарында факультеттің оқытушылар және студенттерінің академиялық ұтқырлығын қалыптастыру, алыс және жақын шетелдерде тәжірибе алмасу, жинақталған тәжірибені ғылым және білім беру қызметінде қолдану;
  • ҚР Ғылм және білім министрлігінің гранттық қаржыландыру ғылыми жобаларына , халықаралық сайыстарға және мақсатты бағдарламаларға ПОҚ қатысуын ұйымдастыру;
  • Бірігіп ғылыми конференциялар өткізу, студент, аспирант, жас оқытушылар және ғалымдардың қазіргі экономикалық ғылымды шешуде шетелдік әріптестерден тәжірибе алу үшін ақпараттық алмасуды ұйымдастыру.

Экономика және құқық факультетінің негізгі қызмет түрлері:

  • Оқу-әдістемілік үрдіс;
  • Ғылыми-зерттеу үрдісі;
  • Тәрбие үрдісі.