Декан: Исмаилова Гайнигул Кабидуллиновна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-60-29

Шетел және орыс филология факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты, доцент –  Исмаилова Гайнигул Кабидуллиновна. Факультет орынбасары, гуманитарлық ғылымының магистрі – Адилова Жанар Кадыровна.
Шетел және орыс филологиясы факультеті келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды:
5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі
5В021000 – Шетел филологиясы
5В020700 –  Аударма ісі

5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
5В012200 – Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті.
Факультетте 6M020500 –«Филология: орыс тілі» мамандығы бойынша  магистратура бар.

Деканат және факультет бөлімдерінің барлық  жұмысы  бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Біздің факультетіміздің оқытушылары қазіргі заманға сай оқу бағдарламаларын және  компьютерлік технологияларды, мультимедиялық және Интернет ресурстарын  белсенді түрде сабақ барысында қолданады.

Факультет студенттері әрдайым компьютерлік сыныптарды және ресурстық орталықты пайдалана алады. Факультетшетел тілін терең оқытуға аса зор көңіл  бөледі: әр жыл сайын оқытушылар мен студенттер  Америка Құрама Штаттарына, Ұлыбританияға, Венгрия мен Польшаға, Түрікеліне оқуға бара алады.

Факультет Алтай мемлекеттік педагогикалық университетімен(Барнаул қ, Ресей)  ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатты.

Алыс және жақын шет ел университеттерінен келгенғалымдарфакультет студенттеріне дәрістер оқып,  ғылыми-зерттеу жобаларына жетекшілік етеді.

Соңғы үш жылда, студенттер академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы арқылы Джионгсансг Ұлттық университінде (Оңтүстік Корея), Памуккале университетінде (Денизм қ, Түркия) және Питтсбург мемлекеттік университетінде (АҚШ) білім алып жатыр.
Факультет оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің қорын толықтыруға көп назараударады. Студенттер электронды каталог пен оқу құралдарды, заманауи  сөздіктер және оқыту бағдарламаларын пайдалана алады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы студенттерге мамандыққа сай дағдыларды қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарынафакультетінің барлық студенттері тартылған. Студенттер үнемі әр-түрлі конференцияларға, Ғылым Күндерінеқатысып, жүлделі орындарға ие болады. Студенттердіңсабақта алынған білім мен кәсіби дағдылары оқу тәжірибесі барысындабекітіледі.

Студенттік өмір  бұл тек қана оқу емес, ол сонымен қатар белсенді азаматтық ұстаным. Сондықтан факультет тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға үлкен көңіл бөледі. Студенттер өздірінің шығармашылық қабілеттіліктерін және ынтасын қала және университет ұйымдарының («Жасыл ел», «ҚCА»,  Дебат клубы, КВН,  Қазақстан халқы студенттік ассамблеясы) жұмысына қатысу арқылы көрсете алады.

Факультеттің ең басты міндеті  бәсекелестікке дайын, шетел және орыс тілдерін жетік меңгерген, күнделікті өмірде және кәсіби қарым-қатынаста өз лингвистикалық білімдерін  көрсете алатын,  тіл білімі негізінде өз біліктіліктерін  арттыра алатын әртүрлі мамандарды даярлау. Сонымен қатар  факультеттің ең маңызды міндеті  жоғары білікті мамандарды, яғни әртүрлі қызмет салаларында тілдерді меңгеру және қолдану дағдыларына ие филологтарды, аудармашыларды дайындау: ауызша және жазбаша сөзді аудару, әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттарды аудару, шет және орыс тілін әр түрлі деңгейде оқыту, көптілді, басты және қосымша білім беру және т.б.

Қызметтің негізгі бағыттары және түрлері:

  • бакалавриат мамандықтары шеңберіндегі  оқу, педагогикалық және әдістемелік қызмет;
  • мәлімделген мамандықтар аясындағы ғылыми қызмет.