Декан: Кадыров Айбар Қабыкенович

Декан орынбасары: Аманғазықызы Мөлдір

Факультет төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр даярлайды:

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
5B020500 – «Филология»: қазақ тілі

5В050400 – «Журналистика»,«Қазақ тілі мен әдебиеті + ағылшын тілі»

Көп деңгейлі білім беру жүйесі негізінде:

6M020500 – Филология: қазақ тілі

6M011700- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратура бар.

Факультет әрекетінің бағыттары факультеттің ғылыми-білім кешенінің оқу-әдістемелік жұмыстар нәтижелерін нарықпен ұштастыра алатын және бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды қалыптастыру міндеттеріне бағытталған. Білім беру ісіне жаңа үлгідегі компьютерлік құралдар, электронды бағдарламалар, мультимедиялық аудио-видео технологиялар, интернет жүйелері қолданылады. Студенттер үшін компьютерлік кластар мен ресурстық орталық ұйымдастырылған және қазіргі талапқа жабдықталған жатақханамен қамтамасыз етілген. Факультет оқытушылары мен студенттері шет тілін меңгерудің деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайын білімдерін жетілдіріп тұрады. Шетелдегі ЖОО-мен әріптестікті дамыту және оқытушылардың профессорлық құрамын шетелдерде бағдарлама алмасуын жүзеге асыру мақсатында Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен (Барнаул қаласы), Памукале университетімен (Түркия) халықаралық байланыс орнатылған. Алыс және жақын елдерден шетелдік ғалымдар келіп дәріс оқиды және Түркияның Стамбул қаласындағы Мармара университетінен профессорлар арнайы шақырылды. Факультеттің кітап қоры жылда оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толықтырылып тұрады, электронды каталогтармен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Компьютерлік лаборатория ресурстарында дәріс курстары, аударма сөздіктер, оқу бағдарламалары, қазақ тілінің практикалық курсы бойынша электронды оқу құралдары және т.б. материалдар қолжетімді.

Қазақ филологиясы факультеті көп жылдық тарихы, қалыптасқан ғылыми-педагогикалық  тәжірибесі бар бұрынғы филология  факультетінің дәстүрін  жалғастырушы факультет. Ол 1939 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті», кейіннен «Қазақ филологиясы» аталған кафедралар негізінде ашылған. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ филология факультеті 2016 жылы қайта құрылды. Әр жылдары декан қызметін  п.ғ.д., Т.Қ.Жұмажанова ф.ғ.д., проф. А.С.Еспенбетов, ә.ғ.д., проф. С.М.Борбасов,  ф.ғ.к., Ф.З.Жақсыбаевалар атқарды.

Қазір факультетте белгілі ғалымдар мен педагогтар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен доценттер, кәсіби деңгейі жоғары мамандар қызмет атқаруда. Үш кафедрада білікті, сапалы білім беретін профессорлық-оқытушылар құрамының саны 60-тан астам, оның ішінде 1 ғылым докторы, 2 PhD докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді.

Қазақ филология факультетінің  миссиясы – кәсіптік біліктілікке ие болумен қатар ұлттық тәрбиені және шығармашылық қызметті іске асыруға қабілеті бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

  1. ҚР СТ ИСО 9001:2009 стандарттарының  талаптарына сай  деканат кафедраларда  білім беру сапасын басқару жүйесін жетілдіру  және дамыту.
  2. Факультеттің  профессор-оқытушылар құрамының  ғылыми дәрежесінің деңгейін 55% түсірмеу.
  3. Студенттердің білім сапасын 85% жеткізу.
  4. Екі ғылыми жоба төңірегінде жұмыс жүргізу.
  5. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатыстыру деңгейін 60% жеткізу.
  6. Қоғамдық-саяси белсенділікке, азаматтық жағынан жетілуге, болашақ мамандардың патриоттылығы мен интернационалдығын қалыптастыруға бағытталған тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
  7. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру – 85%.
  8. Факультеттің 2016-2017 жылдарға арналған  сапа саласындағы мақсаттары қайтадан талқыланып, факультеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданып қабылданды  (06.09.2016.ж №1 хаттама)