Тарих-педагогика факультеті Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ірі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Факультет әрекетінің барлық бағыттары факультеттің ғылыми-білім кешенінің оқу-әдістемелік жұмыстар нәтижелерін нарықпен ұштастыра алатын және бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды қалыптастыру міндеттеріне бағытталған.

Факультетке 6 кафедра қарасты.

  • Психология кафедрасы – кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты Жұмажанова Гүлжанар Кәкімжанқызы. «Психология» және «Педагогика мен психология» (бакалавриат, магистратура) мамандықтары мен бағыттары бойынша мамандарды даярлауды іске асырады. Халықаралық ТЕМПУС-4 бағдарламасы аясында магистрлермен жаңа бағытта жұмыс атқарады.
  • Музыкалық білім кафедрасы – кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Сұлтанова Нұргіл Камильқызы. «Музыкалық білім» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлімде мамандар әзірлейді.
  • Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы – кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Мырзақанов Мадвакас Сексембайұлы. «Бейнелеу өнері», «Кәсіптік білім», «Дизайн» мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай бөлімде мамандар әзірлейді.
  • Педагогика кафедрасы – кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанбөбекова Мейрамгүл Зейнеғабылқызы. «Мектепке дейінгі оқыту және  тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай бөлімде мамандар әзірлейді.
  • Қазақстан тарихы кафедрасы – кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Мұхаметжанова Нургул Ахметжанқызы. Университеттік «тарих» және педагогикалық «тарих» мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай бөлімде мамандар әзірлейді.
  • Философия және саясаттану кафедрасы – кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Мұқатаева Айзат Амантайқызы.

«Саясаттану» мамандығы бойынша мамандар әзірлейді.

Факультетте оқу үдерісі келісілген білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мен магистранттарды төмендегідей бағыттарда дайындайды:

5В010100 – Мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу;

5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

5В010300 – Педагогика және психология;

5В050300 – Психология;

5В012000 – Кәсіптік білім;

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу;

5В010020 – Дизайн;

5В010600 – Музыкалық білім;

5В020300, 5В011400 – Тарих;

5В050200 – Саясаттану.

         Оқу бөлімі: күндізгі және сырттай.

         Қазіргі таңда факультетте 2000 астам студенттер білім алуда.

Факультет кафедраларында 80-нен астам оқытушы жұмыс атқарады. Оның ішінде 30-дан астамы ғылыми дәрежелері бар. Оқытушылардың ішінде көбі осы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің түлегі. Факультет оқытушылары оқу-тәрбие жұмысының үрдісін жоғарылату үшін оқу-әдістемелік құралдарды дайындайды.

 

 

 

 

 

 

 

«Психология» мамандықтарының студенттері үшін «Өзін-өзі тану» кабинеті ашылған. «Құқықтану» кафедрасында сот отырысы залы және криминалистика кабинеті бар.

Факультеттегі оқу үдерісінде жаңа компьютерлік технологиялар, электронды оқу бағдармалары, мультимедиялық материалдар, интернет ресурстары пайдаланылады.

Факультет студенттері жаңа үлгідегі жаңа мүмкіндіктері бар жатақханамен қамтамасыз етілген. Факультетте жоғары маманданған көп жылдық тәжірибесі бар, көп жылдар еңбек еткен теориялық білімді тәжірбиемен ұштастыра білетін ғалымдар жұмыс істейді. Факультеттің кадрлық әлеуеті докторант, кандидат және магистранттармен толығады. Ал кадрлық құрам Рhd докторантурада оқып   жатқан, ғылыми атағы мен дәрежесі бар оқытушылардан тұрады. Оқу үдерісі болашақ мамандардың тәжірибелік біліктілік сапасын арттыруға бағытталады. Факультеттің ПОҚ технологияларды қолдану барысында интерактивті әдістер мен модульді білім беру бағдарламарын дамытып отырады.

Факультет оқытушылары қашықтан оқыту тезарусын, эссе, кейс үдерісін енгізді.

Іскерлік ойын, жағдаяттан шығу, әлеуметтік сауалдар т.б. курстық жұмыстар мен диплом жұмыстарында қолданылып отырады.

Факультет студенттері салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Республикалық және халықаралық турнирлердің бокс, дзюдо, күрес, жүгіру, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, футбол, баскетбол, волейбол, шахматттан спартакиадаларға қатысады. Студенттер білім алумен қатар   университет көлеміндегі жастар ұйымдарының, Дебат клубтарының, КТК сияқты басқа да мәдени шараларға қатысып отырады.

  1. Дәріс оқу үшін шетел ғалымдарын шақыру – 2.
  2. Монографияларды баспадан шығару – 1, оқу- әдістемелік құралдар – 9 (1 ағылшын тілінде).
  3. Білім алушыларды ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындауға жұмылдыру – 85 %.
  4. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру – 8 студент.
  5. Бітірушілердің жұмысқа орналасуы – 100%.
  6. Студенттердің факультеттің, университеттің қоғамдық жұмыстарына қатысуларын қамтамасыз ету – 100%.