Сүйікті қалам, Семейім

Семей. Ертіс жағасына еркін көсіліп қоныстанған қала. Ол, бүгінгі біздердің, тарихымыздың, салт-дәстүріміздің, мәдениетіміздің бейнесі іспетті.

Семей – білікті  қала. Рухты қала. Өз бойына ата-бабаларымыздың  даналығын сіңірген, Абай, Шәкәрімдей ұлы тұлғалар  өмір сүрген киелі жер. Тарихи оқиғаларға бай қазақ елінің белді мекені. Осы жерде жер аударып Достоевский болған. Отанына берілген Алашорда қайраткерлері Байтұрсынов,  Дулатов, Бокейханов т.б. қоғамды жаңартып өзгерту туралы жоспарларын Семейде құрған. Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына кірген «Абай жолы» романының авторы Мұхтар Әуезов – біздің жерлесіміз. Әйгілі абайтанушы Қайым Мұхамедханов – семейлік болған. Академик Қаныш Сатпаевтың туып өскен жері Семей облысы.  Және атап өтпеуге болмас тарихи факті – Семей Қазақстан футболының отаны.

55c0b4a53d506Семей – нышан-қала. Осы жерде кеңес уақытындағы көлемі бойынша дүниежүзінде төртінші орында тұрған ядролық полигон орналасты. Семей әлемдегі ядролық сынақтардан ең көп зардап шеккен аймақ болып табылады. Полигонның жабылуы бейбітшілікке және ядролық соғыстан азат болуға жасалынған қадам болды. Қазіргі күнде Семей ядролық қарусыз әлемінің символы.

Семей – ғашықтар қаласы. Ол біз үшін үміт пен арман, жақындарымызға достарымызға, отанымызға деген махаббат  бесігі.

Біздің қала  – ол біздің ортақ үйіміз, отбасымыз, рухымыз, суығы мен ыстығымыз, мақтанышымыз.

Армандарымыз мекендеген жер – біздің қаламыз – ол БІЗ.