Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 7 шілде аралығында 5B010600 – «Музыкалық білім», 5B010700 – «Бейнелеу өнері және сызу», 5B010800 – «Дене шынықтыру және спорт», 5В042100 – «Дизайн», 5В050400 – «Журналистика» шығармашылық мамандықтарға құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жай: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 А, телефон: 31 87 81.
Бөлім басшысы: Кенесбаев Ерлан Айтмухаметович
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 30-43-41
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Танибергенов к. 1
Кабинет: 115

ҚР БҒМ «Семей қаласының Шәкірім атындағы мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-нің қоғамдық қабылдауы (ары қарай – Қоғамдық қабылдау) жеке тұлғалардан түскен әлеуметтік мағызды мәселелерді өз құзыреті шегінде қарастыру үшін құрылған.

Өз қызметінде Қоғамдық қабылдау мына қағидаттарды басшылыққа алады:

  • заңдылық – Қоғамдық қабылдау қызметі барлық бағытта ҚР заңдылықтарын мүлтіксіз орындау арқылы жүзеге асырылады;
  • анонимділік – Қоғамдық қабылдауға келген тұлғалардың аттарын көрсетпей жұмыс істеуді көздейді;
  • ашықтық – жеке тұлғалардан кезкелген мәселені көтерген өтініштерді қабылдауға әзірлік;
  • конфиденциалдылық – Қоғамдық қабылдау мүшелерінің кеңес беру барысында алынған ақпараттарды құпияда сақтауы.

Өз қызметін Қоғамдық қабылдау мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • кеңес беру: жеке тұлғалар арасында кеңес беру жұмыстарын жүргізу
  • ақпараттық: облыстық және жергілікті БАҚ мүмкіндіктерін жүйелі және жиі пайдалану.

Өз қызметінде Қоғамдық қабылдау мына нормаларды басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі; Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі; Қазақстан Республикасы Үкіметі, Білім және ғылым министрлігі мен орталық атқарушы органдардың өзге де заңнамалық, нормативті құқықтық  актілері; Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Жарғысы; Университеттің Ішкі тәртіп ережесі; ректордың бұйрықтары мен өкімдері.

  • Жеке тұлғалардан түскен өтініштерді белгіленген тәртіп бойынша шұғыл және жүйелі шешу.
  • Азаматтардан жазбаша өтініштерді қабылдау, олардың ары қарай өз мәнінде қарастырылуын қамтамасыз ету.