Бөлім басшысы: Құмар Асқар Қанатұлы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-82-92
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш., 20а
Кабинет: 123, 127

Шәкәрім университеті – өңіріміздегі білікті мамандарды даярлаудың негізгі орталығы болып саналады. Шәкәрім университетінде Сіздерге жасалған жағымды жаңалық пен қызметтердің бірі ретінде 2016 жылдың 6 мамыр күні Ғылыми Кеңестің шешімімен (№9-а хаттама)уақытылы және сапалы қызмет түрін тиімді ұсынумақсатында «Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы»құрылған болатын.

Шәкәрім университеті – Білім алушыларға қызмет көрсету орталығын ашып отырған алғашқы өңірлік жоғары оқу орны ретінде оқу үрдісінде, жатақханаға орналастыруда, әскери есепке алуда, оқу визаларын рәсімдеуде, миграциялық тіркеуде, медициналық тексерістен өтуде, академиялық ұтқырлық бағдарламасы және білім беру несиесін рәсімдеуде кеңестер беріп, тағы да басқа ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

Орталық«бір терезе» қағидасынбасшылыққа алып, білім алушыларға уақытылы әрі тиімді түрде қызмет көрсетудің мәдениеті мен сапасын арттыруды басты мақсаты мен міндеті ретінде алады.

Білім алушылар үшін оқу үрдісін ұйымдастыруда қызмет көрсету және кешенді жұмыс жүргізуді қалыптастыру, тіркеу және есепке алу бойынша сапалы әрі уақытылы қызметтермен қамтамасыз ету, оқу жұмыстарына қатысты әртүрлі сұрақтарға кеңестер беру

  • Білім алушының оқитындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (№4, 6, 8 қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияға, Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға берілетін анықтамалар)
  • Білім алушының шәкіртақы алатындығы немесе алмайтындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (мерзімі көрсетілуі тиіс)
  • Жеке бас құжаттарының өзгеруіне байланысты мәліметтер базасын өзгерту өтініштерін қабылдау және өзгергендігі жөнінде бұйрықпен таныстыру, хабардар ету
  • Диплом көшірмесін алу жөнінде өтініштерді қабылдау және оның көшірмесін беру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі құжаттар көшірмесін беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
  • Транскрипт алу жөнінде өтініштерді (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (мерзімі көрсетілуі тиіс)
  • Шетелде оқу конкурсына қатысу жөнінде өтініштерді қабылдау (шетелде оқу, сонымен қатар академиялық ұтқырлық негізінде де конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
  • Білім алушылардың сабақтан босатылуы және іс-сапарға жіберу жөнінде өтініштерін қабылдау
  • Жатақханаға орналастыру жөнінде өтініштерді қабылдау (жоғары оқу орнының білім алушыларына жатақхана беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
  • Жатақханадан шығару жөнінде өтініштерді қабылдау
  • Жатақханада тұратындығы және тұрғандығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру
  • Спорттық секцияларға жазылу бойынша кеңестер беру
  • Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеңестер беру
  • «Қаржы орталығы» АҚ арқылы білім беру несиесі бойынша кеңестер беру
  • Білім алушылар мен қызметкерлерді әскери есепке алу,  әскери резервтергілерді тіркеу және әскери есептен шығару, формаларға сәйкес құжаттарды толтыру және оларды Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) беру
  • Білім алушылардың әскерден қалдыру жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру
  • ҚР азаматтарын, сонымен қатар шетел азаматтығы бар білім алушыларды, тыңдаушыларды, қонақтарды (мемлекеттік шекарадан өту ережелеріне сәйкес) тұрақты және уақытша тіркеу, оқу визаларын (мерзімдеріне сәйкес) рәсімдеу жұмыстарын жүргізу
  • Медициналық құжаттамалар жүргізу
  • Медициналық мекемелер берген анықтамалар мен қорытындылар бойынша есеп жүргізу
  • Медициналық тексерістерден (өту кестелеріне сәйкес) өту жұмыстарын ұйымдастыру және хабардар ету
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы
  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және өкілеті жоғары органдардың нормативтік, ұйымдастыру, әкімшілік құжаттары
  • Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері
  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК Жарғысы
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Сапа саласындағы саясаты
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ішкі нормативтік құжаттары
  1. Онлайн қызмет көрсетуді қалыптастыру және жетілдіру, білім алушылардың порталы арқылы қызмет алушылар санын арттыру – 5 онлайн қызмет көрсету түрі
  2. Орталық ұсынатын қызмет көрсетулер бойынша білім алушылармен кездесулер ұйымдастыру және өткізу – 8 шара
  3. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік корпорациясы өкілдерімен білім алушылардың кездесуін ұйымдастыру және өткізу – 1 шара
  4. Қызмет көрсету түрлерін жетілдіру бойынша білім алушылар арасында әлеуметтік сауалнама, анкеталық сұрау жүргізу және ұйымдастыру – 2 шара
  5. Білім алушыларды әскери есепке алу мақсатында оқитын орындарды кездесулер ұйымдастыру – 8 шара
  6. Студенттік поликлиника мамандарына жаңа оқу жылында 1 курсқа түскен білім алушылардың қабылдауда болуын қамтамасыз ету – 8 факультет бойынша 8 медициналық тексеріс
  7. Шетел азаматтығы бар білім алушылардың миграциялық есепке тұру жұмыстарына көмектесу және ұйымдастыру – шетел азаматтарының санына сәйкес