Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясы 1-20 маусым аралығында кешенді тестілеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жай: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 А, телефон: 31 87 81. Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 7 шілде аралығында 5B010600 – «Музыкалық білім», 5B010700 – «Бейнелеу өнері және сызу», 5B010800 – «Дене шынықтыру және спорт», 5В042100 – «Дизайн», 5В050400 – «Журналистика» шығармашылық мамандықтарға құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жай: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 А, телефон: 31 87 81.

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының қызметтері

  • Білім алушының оқитындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (№4, 6, 8 қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияға, Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға берілетін анықтамалар)
  • Білім алушының шәкіртақы алатындығы немесе алмайтындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (мерзімі көрсетілуі тиіс)
  • Жеке бас құжаттарының өзгеруіне байланысты мәліметтер базасын өзгерту өтініштерін қабылдау және өзгергендігі жөнінде бұйрықпен таныстыру, хабардар ету
  • Диплом көшірмесін алу жөнінде өтініштерді қабылдау және оның көшірмесін беру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі құжаттар көшірмесін беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
  • Транскрипт алу жөнінде өтініштерді (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (мерзімі көрсетілуі тиіс)
  • Шетелде оқу конкурсына қатысу жөнінде өтініштерді қабылдау (шетелде оқу, сонымен қатар академиялық ұтқырлық негізінде де конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
  • Білім алушылардың сабақтан босатылуы және іс-сапарға жіберу жөнінде өтініштерін қабылдау
  • Жатақханаға орналастыру жөнінде өтініштерді қабылдау (жоғары оқу орнының білім алушыларына жатақхана беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
  • Жатақханадан шығару жөнінде өтініштерді қабылдау
  • Жатақханада тұратындығы және тұрғандығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру
  • Спорттық секцияларға жазылу бойынша кеңестер беру
  • Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеңестер беру
  • «Қаржы орталығы» АҚ арқылы білім беру несиесі бойынша кеңестер беру
  • Білім алушылар мен қызметкерлерді әскери есепке алу,  әскери резервтергілерді тіркеу және әскери есептен шығару, формаларға сәйкес құжаттарды толтыру және оларды Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) беру
  • Білім алушылардың әскерден қалдыру жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру
  • ҚР азаматтарын, сонымен қатар шетел азаматтығы бар білім алушыларды, тыңдаушыларды, қонақтарды (мемлекеттік шекарадан өту ережелеріне сәйкес) тұрақты және уақытша тіркеу, оқу визаларын (мерзімдеріне сәйкес) рәсімдеу жұмыстарын жүргізу
  • Медициналық құжаттамалар жүргізу
  • Медициналық мекемелер берген анықтамалар мен қорытындылар бойынша есеп жүргізу
  • Медициналық тексерістерден (өту кестелеріне сәйкес) өту жұмыстарын ұйымдастыру және хабардар ету