Орталық жетекшісі: Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-48-52
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көшесі, 20 а
Кабинет: 209 (2 қабат)
E-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru

«Шәкәрімтану» орталығы университеттің құрылымдық бөлімшелері қатарына жатады. Орталықтың негізгі қызметі – Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын зерттеу әрі осы бағытта зерттеу жүргізіп отырған барлық отандық, шетелдік ғалымдармен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ, шәкәрімтанудың іргелі ғылым болып қалыптасуына координаторлық қолдау жасау.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын жүйелі-кешенді зерттеу, ғылыми ізденіс нәтижелерін жариялау және оқу үрдісіне енгізу.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын жинақтау, жүйелеу.
  • Шәкәрім Құдайбердіұлының  өмірі мен шығармашылығын жүйелі-кешенді зерттеу.
  • әдебиеттану, фольклортану, өнер философиясы және тіл білімі мәселелерін зерттеу.
  • оқу-әдістемелік, тәрбиелік-патриоттық бағыт бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  • «Шәкәрім» ғылыми журналын шығару.
  • отандық ғылыми-зерттеу институттары және орталықтармен шығармашылық байланыс орнату.
  • материалдық және рухани мәдениет естеліктерін жинақтау.

 

  • «Шәкәрімтану» орталығы өз қызметін келесі нормативті құжаттармен реттейді:
  • ҚР Конституциясымен.
  • ҚР «Білім туралы» Заңымен.
  • ҚР «Ғылым туралы» Заңымен.
  • ҚР Еңбек Кодексімен.
  • ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңымен.
  • ҚР БҒМ нормативті құжаттарымен (бұйрықтарымен, өкімдерімен, нұсқау хаттарымен).
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Жарғысымен.
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының бұйрығымен, Ғылыми кеңестің шешімімен.
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа саласындағы саясатымен.
  1. Әрбір тоқсан сайын «Шәкәрім» журналын шығару
  2. «Шәкәрім кітапханасы» сериясымен кітаптар шығару
  3. Мәдени-танымдық кеш ұйымдастыру
  4. «Шәкәрім оқулары» республикалық ғылыми конференция ұйымдастыру