Көпдеңгейлі ағылшын тілі курстары

Пресс-служба     26 Feb,2019        

Инновациялық білім беру технологиялары орталығында ұйымдастырылған «А1 Elementary level» деңгейі бойынша төрт айлық ағылшын тілін оқыту курсы  аяқталды.

Курсқа аграрлық, инженерлік-технологиялық, тарих-педагогика және қазақ филологиясы факультеттерінің студенттері қатысты.

Курс соңында тыңдаушыларға өздерінің тапсырған тест нәтижелеріне сәйкес ағылшын тілі деңгейін меңгергендігі туралы сертификаттар табысталды.

«А1 Elementary level» деңгейі бойынша курсты шетел филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы А.К. Оспанова жүргізді.