ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздікке тағзым!» атты салтанатты мерекелік кеші өтті

Пресс-служба     15 Dec,2018        

Желтоқсан айының 15 күні, университет қабырғасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздікке тағзым!» атты салтанатты мерекелік кеші өтті.

Университет ректоры М.Ғ.Ескендіров жиналған жұртты Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, университет қабырғасындағы сіңірген еңбегі үшін университет қызметкерлеріне Білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен», қала әкімінің алғыс хаттары, ректор алғыс хаттарымен және Шәкәрім төсбелгісімен марапаттады.

Салтанатты шара университеттің өнерпаз студенттерімен әзірленген концерттік бағдарламамен жалғасты.