ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Көшбасшының тұлғалық келбетіне саяхат» фотокөрмесі өткізілді

Пресс-служба     07 Dec,2018        

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен  Жаратылыстану-математика факультеті студенттері арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Көшбасшының тұлғалық келбетіне саяхат» атты тақырыпта фотокөрме өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу. Елбасының жан-жақтылығын көрсететін, басшылықтан тыс іс-әркеттерін сипаттайтын фотосуреттерді (спортта, өнерде, табиғат аясында, балалық шағында және т.б. қызықты сфераларда) басшылықтан тыс қырларын таныстыру және жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Фотокөрме қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар мен ең үздік 5 студент естелік сыйлықтарымен марапатталды.