Құтты болсын әз-Наурыз

Пресс-служба     13 Mar,2019        

Шəкəрім шаңырағында ұлан-асыр той. Факультеттердің алды болып Ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультеті Ұлыстың ұлы күнін қошемет алып, ерекше атап өтті. Факультет белсенділері ұлттық нақышта киініп, жайдары  көңіл  күймен  кең пейілмен жайылған мол дастарханнан дәм татқызып, концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырды. Ізгілік пен жаңару мерекесінде  оқытушылар, студенттер қауымын Ұлыстың ұлы күнімен АКТ факультетінің деканатпен мұғалімдер әр шаңыраққа құт-береке, елімізге татулық пен бейбітшілік тілеп, жылы лебізін білдірді.