ҚҰТТЫҚТАУ!

Пресс-служба     14 Dec,2018        

Құрметті әріптестер, студент жастар!

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған  16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт,  дәулет пен ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы жасалып жатқан игі бастамалар сәтті болсын!

Тәуелсіздігіміздің  тұғыры мығым,  егемендігіміздің еңсесі биіктен көрінсін! Ұлы Даланың төсіне орныққан Ұлы елде бейбітшілік пен тұрақтылық ұяласын.

Ізгі ниетпен, университет ректоры   Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы