Құттықтау!!!

Пресс-служба     29 Dec,2018        

Құрметті студенттер, әріптестер!

 

Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен кәсіби табысымыз мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақ-береке мен мол ырыс-несібе келсін!

2018 жылы Шәкәрім шаңырағы өңіріміздегі көптеген игі бастамалардың жаршысы ретінде инновациялық бағыттағы жобаларды жүзеге асырды. Биылғы жыл еліміз үшін жарқын оқиғалармен есте қалып, университетіміз үшін де, жемісті жыл болды. Біздің бұл жетістіктеріміз бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі.

Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Рухани интеллектісі бай, жандүниесі ізгілікке толы, арман-мұраттары асқақ болашағымыз үшін жасаған қадамдарымыз нық болсын!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. Бұл жыл да Шәкәрім шаңырағына, біздің үлкен отбасымызға жарқын жеңістер сыйлайды деп сенемін!

Құрметпен, университет ректоры    Ескендіров М.Ғ.