«Күзгі керемет» көрмесі

Пресс-служба     25 Nov,2018        

Ағымдағы жылдың 20 – 23 қараша аралығында жаратылыстану – математика факультетінің биология кафедрасының аға оқытушысы

Жармухаметова Раушан Оразбаевна «Биологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдерді дамыту, олардың нәтижелілігін көрсету» тақырыбына байланысты берілген критерийлерге сүйене отырып «Күзгі керемет» тақырыбына арналған 5В01300-Биология, 5В060700-Биология және 5В011200-химия мамандықтарының 3 – 4 курс білім алушылары өздік жұмысы ретінде жасалған жобалар көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Саяхат сабақта қолданған теорияларын іс жүзінде критерийлерге бағына отырып жоба дайындау, әдістеме сабағын өз бетінше меңгеру арқылы сыни ойлауға үйрету және де дарынды балалармен жұмыс жасау.

Көрмеге қатысушы студенттер макеттерін өз шеберлігін және қиялын ұштастырып жасаған.

Білім алушылар өздері құрастырған бағалау критерийлеріне сүйене отырып көрермендерге бағалау парақтарын ұсынды. Дауыс беруге көрермендер білсене қатысты.