Қымбатты асыл жандар!

Пресс-служба     07 Mar,2019        

Сіздерді көгілдір көктемнің алғашқы шуағымен келген  8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат баласына ізгілік пен парасаттың, нәзіктік пен батылдықтың, өркендеу мен өрлеудің баға жетпес асыл дәнін егіп, жүрегі жер бетіндегі тек жақсылық үшін ғана соғатын асыл жандар, Сіздердің қуаныштарыңыз еселене берсін!

Білім мен ғылым жолында шығармашылық табыс, отбасында береке мен бірлік нығайып, ырыс-несібелеріңіз артсын!

Ажарларыңыздан тек қана бақыт пен қуаныштың арай нұры шалқып есіп ұзақ ғұмыр кешіңіздер!

 

 

 

Ректор, Мейір Ескендіров