М.Монтессори педагогикалық жүйесін қолдану ерекшеліктері

Пресс-служба     21 Jan,2019        

2019 жылдың 14-19 қаңтар аралығында Инновациялық білім беру технологиялары орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымда М.Монтессори педагогикалық жүйесін қолдану ерекшеліктері» оқыту курсы өтті.

Психология кафедрасының ғалым-ұстаздары доцент, п.ғ.к. А.Ж.Едігенова және аға оқытушы, PhD доктор И.А. Оралкановалар қатысушыларға Мария Монтессори әдістемесіндегі психологиялық-педагогикалық қолдау, оң әлеуметтендіру және бір мезгілде әр баланы дараландыру ерекшеліктерін көрсетті.

Тыңдаушылар монтессори-ортасын, осы аймақты құрайтын материалдарды талдауға және оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды, ал ең бастысы Монтессори әдістемесі бойынша оқыту процесін құру бойынша біліктіліктерін арттырды.