«MAJOR – MINOR» МОДЕЛІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІКТІРІЛГЕН ТРАЕКТОРИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ

Асем Утешева     28 May,2018        

2018 жылдың 24 мамырында Шәкәрім кампусінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен негізгі бағдарлама аясындағы тереңдетілген мамандандыру мен «Major – Minor» моделі бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының біріктірілген траекториясын әзірлеушілермен жиналыс өткізілді.

Презентациялар талқыланды және жаңа 2018 – 2019 оқу жылының білім беру бағдарламаларының траекториясын рекрутингтеу үшін университеттің Ғылыми кеңесінде бекітуге ұсыныстар әзірленді.

Ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттілік ауқымын кеңейту мақсатында 12-15 кредит көлемінде негізгі «Major»-ға қосымша «Minor» бағдарламалары әзірленді:

  • “Е – журналистика” (Журналистика мен Автоматтандыру және есептеу техникасы кафедралары);
  • “IT-генетик” (Малшаруашылығы және аңшылықтану мен Автоматтандыру және есептеу техникасы кафедралары);

Кәсіби қызмет саласына қажетті арнайы аударма дағдыларын қалыптастыру үшін:

  • “IT-аудармашы” (Информатика мен Шетел филологиясы және аударма кафедралары);
  • “Қаржы саласындағы аудармашы ” (Шетел филологиясы және аударма мен Қаржы кафедралары).

Негізгі бағдарлама аясындағы тереңдетілген мамандандырумен білім беру бағдарламаларының жаңа траекториялары:

  • “Мехатроникалық басқару жүйесі”, “Жасанды интеллект жүйелерін бағдарламалау ” (Автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы);
  • ГАЖ-технология қосымша мамандандыруымен география оқытушысы (магистр) (Химия және география кафедрасы).

«Major – minor» бағдарламалары түлектерге жұмысқа орналасуға барынша мүмкіндіктер, жоғары оқу орны мен студенттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білім беру сапасын және меңгерудің тиімділігін арттыруға, экспорттық әлеуетті және халықаралық беделді нығайтуға мүмкіндік береді. «Minor» артықшылығы: пәнаралық және құзыреттілік біліктерінің кеңеюі; «Minor» бойынша меңгерілетін пәндер дипломға енгізіледі, сондықтан оны жұмыс берушілер бағалайды, ерекше көзқарас қалыптастырады.