Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет көрсету

Асем Утешева     14 May,2018        

Экономика және құқық факультетінде бітіруші курс студенттеріне Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет көрсету» тақырыбында семинар өткізілді.

            Бұл іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына, құқығына  және мемлекеттік қызметіне оң көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттің және қоғамның құқықтары мен міндеттерін білу.

    Шақырылған қонақтар: № 2 қалалық соттың судьясы Құдайбергенова Торғын Рахымғазықызы, Семей қаласы Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сойымбай Олжас Амангелдіұлы, «Отбасы орталығының» заңгері Өмірбаева Руфия Тұрсынғалиқызы, Семей қаласының әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Садықова Шолпан Мұратбекқызы, Семей қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің кадрларды басқару бөлімінің бастығы Тілеуғабылова Бақыт Зейноллаевна бітірушілермен сұхбатында республикадағы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін, мемлекеттің имиджін көтерудегі кәсіби және білікті мамандардың рөлін , мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеттері туралы ойымен бөлісті.

       Кездесу соңында студенттерге «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жағдайлары туралы ақпарат берілді, ол болашақта таңдаған мамандықтың дұрыстығын анықтауға көмектеседі.