Enactus

Enactus – белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды бірлестіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Олар бірлесіп мұқтаж адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсарту үшін кәсіпкерлік тәсілді қолданады.

Enactus студентері бизнес-көшбасшының қолдауын алған соң, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде жобаларын жасап, жүзеге асырады. Жобаларды жүзеге асыру барысында алынған тәжірибе тек адамдардың өмірін өзгертіп қана қоймай, студенттерге нағыз көшбасшы болуға көмектеседі.

ENtrepreneurial — бұл алда тұрған мүмкіндіктерді көре білу және оларды пайдаға асыру.
ACTion — нәтижесі анық болмаса да бастаған істі әрекет арқылы аяғына дейін жеткізу.
US — мұндағы адамдар бірлесіп ортақ мақсатты жүзеге асырады.

ENACTUS Қалай жұмыс істейді:

1.     Enactus бүкіл әлем бойынша университеттегі студенттерге командалар құруға көмектеседі.

2.     Enactus студенттері халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру үшін бизнес-тұжырымдамалары мен кәсіпкерлік тәсілдерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық жобаларды құрайды.

3.     Оқытушылар мен бизнес-серіктестер Enactus студенттеріне бағыт береді және олардың тәлімгерлеріне айналады.

4.     Студенттер жасаған жобаларын жыл сайын өткізілетін жарыстарда қорғайды, оларды компания басшылары бағалайды. Ең үздік команда Әлемдік Кубогына қатысуға мүмкіндік алады.

Enactus бағдарламасы арқылы бизнес көшбасшылары мен жоғары оқу орындарының әріптестіктігі үздіксіз үдерісте болады. Студенттер мұнда білімді дағдылар мен тәжірибе алады, қалыпты өмірде нағыз бизнес және экономикалық мәселелерді шешеді. Бұл бағдарлама жоғарғы оқу біліміне қосымша болып табылады, өйткені теориялық білімді іс -тәжірибеде қолдана отырып, қажетті тәжірибе алады. Нәтижесінде, студенттер қызығушылықпен және жауапкершілікпен келіп, өзінің білімі мен өзінің мақсаттарына жетеді.

2012 жылдың 26-шы наурызында Enactus Shakarim State University of Semey city командасы құрылды. Осы уақыт ішінде команда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

2013ж. – Enactus National Expo 2013 жартылай финалистері;

2014ж. – Enactus National Expo 2014 финалистері;

2015ж. – Enactus National Expo 2015 финалистері;

2016ж. – Enactus National Expo 2016 лигасында 3 орын;

2017ж. – Enactus National Expo 2017 жартылай финалистері.

Команданың құрылымы 2017-2018 оқу жылдарында

Құрмашев Олжас

Президент

Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар факультеті, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенті.

 

Саветова Айдана

Әкімшілік істер жөніндегі вице-президент

Инженерлік–технологиялық факультеті, «Тамақ өнімдерінің технологиясы» мамандығының 3 курс студенті.

 

Жолдыхан Акежан

Жобалар бойыша вице-президент

Инженерлік–технологиялық факультеті, «Машина жасау» мамандығының 2 курс студенті.

 

Нургазин Олжас

HR-менеджер

Шетел және орыс филология факультеті, «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті.

 

Аргынгазина Аяулым

FR-менеджер

Экономика және құқық факультеті, «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті.

 

Искаков Алмас

IT-менеджер

Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар факультеті, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті.

 

Маратова Аяжан

Pr-менеджер

Шетел және орыс филология факультеті, «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті.

 

Іс-шаралар

Enactus Shakarim State University командасы 2017 жылдың 26-27 сәуірінде Алматы қаласында Студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық Кубогына, Enactus Kazakhstan National EXPO 2017 бастауыштар мен инновациялар байқауына қатысты. Байқауға 50 университеттің Enactus командасы қатысты, олар 90-нан астам бизнес-жобаларды ұсынды. Республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша Enactus Shakarim State University командасы 5 бизнес-жобаны ұсынып, жартылай финалға шықты.  
5-10 маусым аралығында біздің команда мүшелері Алтай аймағының Белокуриха қаласында өткен «Алтай. Точки Роста – 2017» ІХ Халықаралық басқарушы форумына қатысты.

 

 
2017 жылғы 13-19 тамызда Enactus Shakarim командасы Павлодар облысы Баянтау ұлттық паркінде өткен «Enactus Summer Camp 2017» жазғы бизнес-лагеріне қатысты.  
Enactus Shakarim State University тобына қабылдау 14 кыркүйектен бастау алды. Топ мүшелігіне 150-ге жуық адам жазылды. Бұл жақсы бастаманың белгісі екені күмәнсіз. 21 қыркүйекте студенттерді Enactus критерийлерімен, республикалық және əлемдік тұрақты жобалармен таныстыру мақсатымен «Өмірлік белсенділіктерді түсіну критерийлері» атты кіріспе тренинг өткізілді. Студенттердің белсенділігі, алға мақсат қоя білуі, алғырлығы мен шығармашылық қабілеті тəнті етерлік. Қатысушылар алған білімдерін тренинг соңында қолданып, жаңа жобалардың идеяларын ұсынды.