Қазақстан студенттерінің Альянсының

2005 жылы қаңтарда ҚР Білім және ғылым Министрі республика жастарымен кездесуінде бірқатар студенттер біріңғай студенттік қозғалыс ұйымының дайын екенін атап өтті.
Ақпан айында белсенді топтың ұйымдастыруымен дайындық кезеңі қорытындыланып, қозғалыстың құрамы жайлы әдістемелік құжаттар жетілдірілді. Жоғары оқу орындарында қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер өткізілді. Қозғалыстың алғышарттары жасалынды.
15 наурызда Астана қаласының баспасөз орталығында елордалық жоғары оқу орны студенттерінің қатысуымен пресс-конференция өткізілді. Кездесуде жас буын өкілдері «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты республикалық студенттер қозғалысын құру туралы мәлімдеме жасалды.
16 наурызда бұл бастаманы Алматы қаласының студенттері, 17 наурызда – Қарағанды, Қостанай, Шымкент, 18 наурызда – Ақтөбе және Семей қалалары қолдады.
Бірінші кезекте студенттер еліміздің оқу орындарында ашық және шынайы сайлау жасап, жаңа козғалыстың көшбасшыларын анықтауды шешті. Сол үшін арнайы ұсыныстар даярланып еліміздің барша жоғары оқу орындарына жіберілді.
Сонымен бірге студенттер ҚР Білім және ғылым Министрі Бірғаным Айтимоваға бірігуге деген бастамаларын қолдауды сұрап хат жөнелтті. Бастамалары бірден Министрдің қолдауын тапты.
20 наурыздан бастап жоғары оқу орындарының «Қазақстан студенттерінің Альянсының» көшбасшыларын  сайлау науқаны бастау алды.
10 сәуірде ұйымды басқарудың алғашқы инфроқұрылымдары ұйымдастырылды. Топ, факультет, оқу орындарының көшбасшылары сайланды.
14-15 сәуірде Тараз қаласында еліміздің 170 оқу орындарының алдыңғы қатарлы белсенді жастары жиналған  республикалық студенттер слетінде қалалық, облыстық, республикалық көшбасшыларды сайлау рәсімі болып өтті. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Бірғаным Айтимова  да қатысты. Сол сәттен бастап «Қазақстан студенттерінің Альянсының» құрамына 2 500 студент қабылданды. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында ашылған бөлімшелерінде қалалық, облыстық дәрежеде координаторлар қызмет атқаруын бастады.
Семей қаласына, оның ішінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университенінің қабырғасына «Қазақстан студенттерінің Альянсы» 2005 жылдың қараша айынан аяқ басты.
2005-2006  жылдары ұйымның алғашқы көшбасшысы болып, әділ сайлау нәтижесінде  Аккизова Динара тағайындалды. Динара өзінің көшбасшылық қызметін бір жыл көлемінде атқарды.
2006-2007 жылдары ұйымның көшбасшысы болып  Молдабаев Хасен жұмыс атқарды.
2007-2008 жылдары ұйымның көшбасшысы болып «Конгресс» студенттік пікір-сайыс клубына төрағалық еткен, ЖУ-513 тобының студенті Омарханов Жанжігіт жұмыс атқарды.
2008-2009 жылдары ұйымның көшбасшысы болып ИС-725 тобының студенті Баянбаев Ержан жұмыс атқарды.
2009-2010 жылдары ұйымның көшбасшысы болып ПД-901 тобының студенті Төлтаев Данияр жұмыс атқарды.
2010-2011 жылдары ұйымның көшбасшысы болып ТФ-901 тобының студенті Нуржанов Ерлан жұмыс атқарды. Кейіннен «Студенттік Парламенттің» құрылуына орай осы ұйымның алғашқы спикері болып сайланды.
2011 жылдан бастап  ұйымның көшбасшысы болып «Жалын» студенттік өнер орталығын құрып, алғаш төрағалық еткен ЖУ-001 тобының студенті Қосанов Айбек тағайындалды.

Қазақстан студенттер Альянсында көшбасшылық қызметін атқарған.

2011-2012ж . Қосанов Айбек
2012-2013ж. Советов Әскербек
2013ж . Баданов Мади
2014 жылдан бастап  ұйымның көшбасшысы болып, алғаш төрағалық еткен Аграрлық факультетінің ОЗ-207 тобының 3 курс студенті Айтқазинова Ақбота тағайындалды.

2014 – 2015ж. Еппаев Ермек

2015 – 2016 жылдары ұйымның көсбашысы болып  Жарқынұлы Мақсат атқарды. Бүгінгі күнде ұйымның өркендеуіне ұйытқы болып, жемісті жұмыс атқаруда.

«Қазақстан студенттерінің Альянсының»  әнұраны
Пройти сотни дорог
С  Казахстаном добиться высот.
Сплотнив знание в Альянс,
Поставили цель для всех нас.
Знайте мы не одни,
Исполняем мечты,
Станем гордостью нашей страны.

Қайырмасы:
Как единая семья, будем вместе ты и я.
Все преграды обойдем,
Казахстан наш общий  дом (2 раза)

Талап  өрге  бастап,
Көксеген арманы асқақ.
Елін, жерін сүйген,
Ер бізбенен ер біл, достар.
Ізгілік дарын,
Жүректерде жалын,
Білімге құштар дарыңды жастар!

Қайырмасы:
Тұғырды  түлеп ұшқан,
Жырлайық кел-кел достар.
Алақаны  аялы,
Саялы отан Қазақстан,
Алтын бесік Қазақстан.

Ұран :
Альянс студентов – это высший класс,
Альянс студентов – всегда за нас,
Звезда надежды в небо летит,
Альянс студентов на помощь спешит.
Вставай вместе с нами
Смотри лишь вперед
АЛЬЯНС СТУДЕНТОВ – пламя и лед

Ұйымның ұстанған бағыттары:

  • Студент жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мен дамыту;
  • Студент жастардың арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • Студент жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту;
  • Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Ұйымның мақсаты мен міндеті:

  • Студент  жастардың құқығын,  мүддесін,  қызығушылықтарын қорғау және талап-тілектерін орындау;
  • Студент  жастардың заңға, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық проблемаларға қатысты мәселелерін шешу және тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосу.
  • Қазақстандық студенттердің білімін көтеру және отандық жоғары білім жүйесін жетілдіруге көмек көрсету;
  • Салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттау ;
  • Патриоттық тәрбиені дамыту.

 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Республикалық студенттер қозғалысы «Қазақстан Студенттері

Альянсының» 2016-2017 жылының құрылымы.

 

 

  VqY7fWXdhL4.jpg          Жарқынұлы Мақсат

«Қазақстан Студенттерінің Альянсы» көшбасшысы (Аграрлық факультеттің ВМ-301 тобының студенті)

 

ITZJ_rIXPP8.jpg  Бекбаев Нурсултан

«Қазақстан Студенттерінің Альянсы» көшбасшысының I орынбасары (Аграрлық факультеттің ВМ-301 тобының студенті)

 

vLby58C4Kgw.jpgСарсембаев Ерасыл

«Қазақстан Студенттерінің Альянсы» көшбасшысының II орынбасары (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің ОП– 513 тобының студенті)

 

f46jc4FHD14.jpg Женисова Дилара «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» хатшысы (Орыс және шетел филология факультетінің ДЯ – 503 тобының студенті)

 

 

 0z33iKPHMpU.jpg Байгазина Айдана«Қазақстан Студенттерінің Альянсы» мәдени координаторы (Тарих және педагогика факультетінің ИЗО – 515 тобының студенті)

 

 xktirqWdzHg.jpg Мухаметсадыкова Балнұр «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» мәдени координаторы(Тарих және педагогика факультетінің ИЗО – 515 тобының студенті)

 

1BsEhrMjnwA.jpgЖақыпбек Айгүл «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» мәдени координаторы(Тарих және педагогика факультетінің ПИП – 5095 тобының студенті)

kWyEPTa5CQQ.jpg Шарипханова Забира «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» мәдени координаторы (Орыс және шетел филология факультетінің ПД – 517 тобының студенті)

 

аск1.jpgӘлмұратов Азамат «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» спорт координаторы (Аграрлық факультет ВМ – 503 тобының студенті )  

XKy8GdL4NEM.jpg Шаймардан Еркежан «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» қаржы координаторы (Орыс және шетел филология факультетінің ПД – 517 тобының студенті)

 

EV8pSYWseWU.jpg Садуханов Ерканат «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» PR менеджері  (Аграрлық факультеттің ОЗ-408 тобының студенті)

 

 

 

Өткізілген іс-шаралар 2015-2016 оқу жылы:

«Қазақстан студенттерінің Альянсы»

«Қош келдің 1 курс студенттері!»

Қабылдау кеші

KJiDjG30dnI.jpg