Инженерлік-технологиялық факультетінің кіші деканаты

Факультет кіші деканы – Асқарбеков Руслан Арманұлы, «Жылу энергетика» мамандығының  2 курс  студенті. Тел.: +77473530247.

Кіші деканаттың негізгі мақсаттары:

– факультетте жастар саясатын жүзеге асыру;

– факультетте студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру;

– студенттердің жан-жақтылық, әлеуметтік-белсенділігін дамыту;

– студенттерді ғылыми және жалпы университет өміріне тарта отырып, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және дамыту жағдайларын жасау;

– мәдени және спорт-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

– студенттердің қызығушылығын университеттік деңгейге көтеру;

– студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру.

Қазіргі таңда факультет маслихатында  18 студент бар.

Жиналыстың өтетін орны мен уақыты:

№ 9 оқу ғимараты (Физкультурная,4), 107 ауд.

19 қыркүйек – 1курс студенттерін  факультет  кіші  деканаты  және  факультет  құрылымымен  таныстыру  өткізілді;
30 қыркүйекте – университетіміздің  ұйымдастыруымен  өткен “Семей – менің жүрегімде” фестивалі аясында шығармашылық алаң;
6 қазан күні -“Ұстаз – ұлы есім” атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды