Шетел және Орыс филология факультетінің кіші деканаты

Факультет кіші деканы –Ғазизова Еркежан Даулетқызы. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті.

Байланыс телефоны: +77786168450;
Кіші деканаттың негізгі мақсаттары:

– факультетте жастар саясатын жүзеге асыру;

– факультетте студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру;

– студенттердің жан-жақтылық, әлеуметтік-белсенділігін дамыту;

– студенттерді ғылыми және жалпы университет өміріне тарта отырып, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және дамыту жағдайларын жасау;

– мәдени және спорт-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

– студенттердің қызығушылығын университеттік деңгейге көтеру;

– студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру.

Қазіргі таңда факультет маслихатында 25 студент бар.
Жиналыстың өтетін орны мен уақыты: №2 оқу ғимараты (Глинки 20А), 612 аудитория.
Өткізілген іс-шаралар:

-19 қыркүйек күні – 1курс студенттерін факультет кіші деканаты және факультет құрылымымен таныстыру өткізілді;
– 30 қыркүйекте – университетіміздің ұйымдастыруымен өткен «Семей – менің жүрегімде» фестивалі аясында шығармашылық алаң;
– 4 қазан күні – Қазақ Филологиясы факультеті, Шетел жəне Орыс филологиясы факультеті жəне Серпін іскер жастарымен бірігіп “Ұстаз – ұлы тұлға” атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.