Жаратылыстану – математика факультетінің кіші деканаты

Жаратылыстану – математика факультетінің Кіші деканы: Абдуллаева Анар Ержанқызы, Биология мамандығы, 3 курс

Байланыс телефон: 8 707 038 81 84 

Кіші деканаттың негізгі мақсаттары:

– факультетте жастар саясатын жүзеге асыру;

– факультетте студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру;

– студенттердің жан-жақтылық, әлеуметтік-белсенділігін дамыту;

– студенттерді ғылыми және жалпы университет өміріне тарта отырып, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және дамыту жағдайларын жасау;

– мәдени және спорт-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

– студенттердің қызығушылығын университеттік деңгейге көтеру;

– студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру.

Жиналыстың өтетін орны мен уақыты: әр сейсенбі сайын № 3 оқу ғимараты (Қашаған 1), 110 ауд.

Өткізілген іс-шаралар:

-14 қыркүйек күні – 1-курс студенттерін факультет кіші деканаты және факультет құрылымымен таныстыру өткізілді;

– 25 қыркүйек – «Сәлем сөздің анасы» атты акция.

– 30 қыркүйекте – университетіміздің ұйымдастыруымен өткен «Семей-менің жүрегімде» фестивалі аясында шығармашылық алаң.

– 5 қазан – Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз-ана, ұстаз дана» атты концерттік бағдарлама.

– 20 қазан – 1 курстарды ресми қабылдау кеші.