Менің мамандығым – еліміздің гүлденуінің кепілі

Администратор     29 Nov,2018        

ШҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының аясында өңір мектептерінің оқушыларына арналған “Менің мамандығым-еліміздің гүлденуінің кепілі” стенд – моб аяқталды.

Абитуриенттерді рекрутинг Орталығының қызметкерлері 3 апта ішінде Шығыс Қазақстан облысының келесі аудандарында: Шемонайха, Бесқарағай, Абай, Күршім, Бородулиха, Жарма, Тарбағатай, Аягөз, Үржар, Глубокое, Катонқарағай, Ақжар, Самар, Курчатов аудандарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Абитуриенттерді рекрутинг Орталығы Шәкәрім университетінің стендін және тарату материалдарын дайындады. Біздің университет өкілдері барлық сұрақтарға жауап беріп, байланыс телефондарын қалдырып, каникулды Шәкәрім университетінің дайындық курстарында тиімді өткізуге шақырды. Университеттің мобильді көрмесін 9500-ден астам 9-11 сынып оқушылары тамашалады.

Оқушыларға мамандықтардың мақсаты мен қолдану саласын талдау, аймақта қажетті мамандықтар туралы толық ақпаратты алу, жан-жақты мамандықты таңдау мүмкіндігі берілді.