Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесу

Пресс-служба     19 Oct,2018        

17 қазанында Шәкәрім университетінде Назарбаев Университетінің өкілдерімен студенттердің (3-4 курс), магистранттардың және жас оқытушылардың кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты әлемдегі белгілі университеттермен және ғылыми орталықтармен серіктестікте құрылған Назарбаев Университетінің (Foundation, бакалавриат, магистратура, докторантура) академиялық және ғылыми бағдарламаларымен танысу болды.

Кездесуді Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Тулеугалиева Сәуле Серікқызы ашты. Жиналған аудитория алдында қабылдау департаментінің менеджері Сабырбекова Айжан Ерланқызы және «Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар» мектебінің лабораторияның ассистенті Сапинов Ғылым Қайратұлы баяндама жасады. Өзінің презентациясында қабылдау департаментінің менеджері университеттің кампусы туралы, студенттердің өмірі мен тұрмысы, аудиториялар, кітапхана, спорт залдары және  басқалары видео роликте көрсетілді.

Кездесуге қатысушыларға Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламалары туралы толық ақпарат, конкурстық іріктеуге қатысу тәртібі мен рәсімдері туралы ақпарат берілді. Ақпаратты бекіту мақсатында Сабырбекова Айжан Ерланқызы викториналық ойындар өткізді, онда белсенді оқушыларға шағын сыйлықтар берілді. «Тау-кен ісі және жер туралы ғылым» мектебінің өкілі Сапинов Ғылым Қайратұлы өз баяндамасында «Мұнай-газ ісі», «Тау-кен ісі», «Геология» мамандықтары бойынша магистратураның бағдарламалары туралы жан-жақты әңгімеледі, сондай-ақ аталған бағдарламалар бойынша құжаттарды тапсыру мен ережелері туралы сұрақтарға тоқталды.

Жалпы, кездесу жоғары деңгейде өтті. Студенттер мен магистранттар әңгімелесу барысында белсенділік танытты, сұрақтар қойды. Кездесу соңында естелікке фотография жасалды.