Облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Пресс-служба     19 Feb,2019        

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы және қазақ әдебиеті кафедрасы, «Д.Бабатайұлы ақындар мектебінің» ұйымдастыруымен «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Облыстық ғылыми- тәжірибелік семинарға жан- жақтан 100-ге тарта мұғалімдер қатысты.  Облыс аумағынан Күршім, Үрджар, Аягөз, Шемонайха, Бородулиха, Бесқарағай,Зырян және Семей қаласы мектептерінің әдіскер мұғалімдері қатысты.

Семинар басында филология ғылымдарының докторы, профессор Еспенбетов Арап Сләмұлы және ШҚО ББ «Шығыс ӨО»әдіскеріСабиева Риза Слямханқызы  сөз сөйледі. Семинар арқылы жан-жақтан келген мұғалімдеркөптеген мәлімет ала алды.

Философия ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор,  қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Жундибаева Арай Канапиякызы және қазақ әдебиеті кафедрасыныңқауымдастырылғанпрофессоры, ф.ғ.к.Актанова Айман Советқызы өздерінің ғылыми жобаларын мұғалімдермен бөлісті.

Семинарда тек университет мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар мектеп мұғалімдері де семинар-тренингтер өткізді. Білікті мамандар: Т.Аманов атындағы №16 ОМ  қазақ тілі мен әдебиет пәнімұғалімі Кунафина Гульнар  Агзанқызы «Пәнаралық байланыс арқылы ғылыми жобағабаулу жолдары», Мырзабекова Жанар Журтыбековна №47 мектептің қазақ тілі менәдебиет пәні мұғалімі  «М. Жұмабаев аудармаларын мектептезерттей оқыту», «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ қазақ тілімен әдебиет пәні мұғалімдері, педагог-зерттеуші Орынғожина Лауса Советқызы,Нургамысова Шолпан Махмутовна «Ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі – зерттеутақырыбын анықтау» .

Семинар соңын ШҚО ББ «Шығыс ӨО»әдіскері Сабиева Риза Слямханқызы қорытындылап, мұғалімдерге сертификат берілді. Семинарға келген мұғалімдер келешекте өздеріне қажетті көп мағлұмат пен тәжірибелер алды.