ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ

Ким Валерий     19 Sep,2017        

2017 жылдың 7-15 қыркүйек аралығында Академиялық мәселелер департаментінің ұйымдастыруымен «Оқыту нәтижелері және оларды бағалау» тақырыбы бойынша және жаңа форматта электрондық журналды қолдану туралы әдістемелік семинарлар мен консультациялар өткізілді.

Кафедра оқытушылары, білім беру бағдарламаларының сапасына  жауаптылар, сарапшылар қатысты.

Семинарлар және консультацияларды  жүргізгендер: Тулеугалиева С.С., Мадиев Т.Б., Джаманова Г.И., Куанышкызы А.

Семинар тыңдаушыларына «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы ақпараттық порталының базасынан кәсіби стандарт және біліктіліктің салалық шеңбері, ұлттық біліктілік шеңбері бойынша материалдарды пайдалану, факультеттерде оқу-әдістемелік құжаттарды бекіту және регламентін әзірлеу, электрондық журналына балдарға бөлу кестесін енгізу, 100-балдық жүйе бойынша білім алушылардың жетістіктеріне қатысты бағалау, «Таңдау бойынша компонентінің оқу бағдарламасын және (силлабус) пәннің жұмыс бағдарламасын рәсімдеуге қойылатын талаптар және құрылымы», құжатталған рәсім бойынша өзгертулер презентацияда көрсетілді.

Сондай-ақ, Германия тәжірибесі бойынша оқыту нәтижелерін сипаттауға әдістемелік материалдар ұсынылған.

Консультация барысында жаңартылған электрондық журналмен жұмыс істеу қарастырылды. Барлық семинарлар және консультациялардың материалдары университеттің электрондық құжат айналымы бойынша барлық кафедраларға жұмыс істеу үшін жіберілді.