ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА –БІЛІМ БЕРУ МЕН ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЖАҚЫНДАСТЫРУ ЖӘНЕ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰРАЛЫ

Пресс-служба     06 Dec,2018        

   Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен  университетте «Өндірістік практика –білім беру мен еңбек нарығын жақындастыру және сапаны қамтамасыз етудің құралы» атты өндірістік практикадан қорытынды конференция өткізілді.

   Конференцияға жұмыс берушілер мен практиканың база ұйымдарының өкілдері қатысты: «Семей қаласының Ішкі істер департаменті», Семей қаласының ЖШС Цемент зауыты, «ЖШС Фирма Азия», «Семей Вет» ЖШС ветеринарлық және санитарлық сараптау зертханасы, университеттің бітіруші курс студенттері және оқытушылар.

   Қазіргі әлем өз саласында құзыретті болашақ маманның дамуын ұсынатын, икемді оқыту жүйесімен байланысты заманауи жаңғыртудың күрделі жағдайында жоғары білім дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. Практика болашақ маманды кәсіби даярлаудың және кадр резервін қалыптастырудың құрамдас бөлігі болып табылады.

   Конференция барысында  жұмыс берушілер мен университеттің өзара әрекеттесу негізінде өндірістік  практиканы ұйымдастырудың сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

   Конференцияға қатысушылар келесідегідей ұсыныстар жасады:

– жұмыс берушілермен бірлесіп, еңбек нарығында түлектерге сұранысты қамтамасыз ететін интеграцияланған арнайы құзыреттерді дамыту;

– жұмыс берушілердің оқу-әдістемелік құралдарды және практиканың оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы;

– университет мамандықтары бойынша дуалды оқыту жүйесінің элементтерін іске асыру ауқымын кеңейту;

– Қазақстан Республикасының заңнамасында енгізіліп жатқан жаңашылықтарды оқу үрдісі барысында уақтылы зерттеуге ерекше назар аудару.