«Орта білім берудегі мектеп көшбасшылығының дамуы»

Ким Валерий     01 Nov,2017        

2017 жылдың 30-31 қазан аралығында шетел және орыс филология факультетінің студенттері үшін ҚР БҒМ Назарбаев университеті мен  Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бағдарлама аясында «Үздік халықаралық стандарттар негізінде менеджмент және кадрлар даярлау салаларында  педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік эксперттермен студенттерді оқыту» атты «Орта білім берудегі мектеп көшбасшылығының дамуы» тақырыбы бойынша тренинг өтті. Тренингті Өскемен қаласының «ШҚО кәсіподақ орталығы» КАБ төрайымы, э.ғ.к. Садыкова Айжан Ерхановна өткізді.

Тренинг көшбасшылық теориясы мен менеджменттің негізгі функцияларымен танысу, сыни ойлау әдістерін мақсаттар мен міндеттерді көшбасшыға дұрыс белгілеу құралы ретінде оқыту, тренинг «Шеберхана» – мектеп көшбасшысының табысты болуын не  қамтамасыз етеді?, қайшылықтар классификациясы және оларды шешу жолдары, идеалды соңғы нәтиженің қасиеттерін таңдау бойынша жүргізілді.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент