«Орта білім мазмұнының жаңаруы», «Үштілді білім беру»

Ким Валерий     30 Oct,2017        

2017 жылдың 23-27 қазан аралығында жаратылыстану-математика және тарих-педагогика факультеттерінде оқытушы-профессорлар құрамы мен педагогикалық мамандықтардың бітіруші курстары үшін «Үздік халықаралық стандарттар негізінде менеджмент және кадрлар даярлау салаларында  педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік эксперттермен студенттерді оқыту» бағдарлама аясында «Үштілді білім беру», «Орта білім мазмұнының жаңаруы» тақырыптары бойынша тренинг өтті. Тренингті Тараз қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Рысқұлов Нұрсұлтан Кожайбайұлы өткізді.

Тренинг CLIL жаттығулары, тиімді оқыту мен оқудың кейбір сипаттамалары, оқытудың инновациялық әдіс тәсілдері, “Жоба негізінде білім беру (PBL)” туралы жалпы түсінік және  оның компоненттері, оқытуды тиімді жоспарлаудың негізгі стратегиялар, жаратылыстану-математика пәндерінен сабақ,  ықшам сабақ (Microteaching) негізінде өтті. Тренинг соңында оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге сертификаттар берілді.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент