«Основы безопасного поведения» 5-6 және 6-7 жастағы балаларға арналған оқу- әдістемелік кешенінің тұсаукесері өтті

Пресс-служба     22 Jun,2018        

2018 жылдың 22 маусымында Инновациялық білім беру технологиялары орталығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынылған  «Основы безопасного поведения» 5-6 және 6-7 жастағы балаларға арналған оқу- әдістемелік кешенінің тұсаукесері өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасына сәйкес әзірлеген оқу-әдістемелік кешенінің авторы орталықтың педагог-психологы С.И.Шелипова болса, жоғары топ және мектепалды даярлық тобы жұмыс дәптерінің авторлары С.И.Шелипова және В.Е.Жукова.

Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері «Денсаулық» білім беру саласының тақырыптарына сәйкес технологиялық карта ұсынылған әдістемелік құралмен танысты.

Жұмыс дәптерлерде  суреттер, дамыту тапсырмалары және авторлардың өздері шығарған балаларға арналған өлеңдер енгізілген.