Пайдалы демалыс

Администратор     10 Jan,2019        

Шәкәрім Университетінің Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы ұйымдастырған дәстүрлі  ҰБТ-ға дайындық курсы аяқталды. 2019 жылдың 3-9 қаңтар аралығында Абай, Тарбағатай, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз, Үржар, Көкпекті, Жарма аудандары мен Курчатов қаласының оқушылары ҰБТ-ның негізгі және бейіндік пәндері бойынша қарқынды дайындықтан өтті, барлық оқушылар онлайн-тестілеуден өтті. Дайындық курстары мен өткізілген тестілеу өздерінің әлсіз және күшті жақтарын білуге мүмкіндік берді.

Оқушылар үшін Шәкәрім Университетінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Соңғы күні курс қатысушыларын тосынсый күтті, Рекрутинг орталығының қызметкерлері Шәкәрім Университетінің Инстаграм желісі бойынша сыйлықтар ұтысын өткізді, одан бөлек, басқа да ойындар мен дискотека орын алды.

Балалар білімнен басқа, көптеген жағымды эмоциялар алды, олардың көбі өздері үшін көктемгі каникул кезінде Шәкәрім Университетіндегі ҰБТ-ға дайындық курстарына келу туралы шешім қабылдады.

Инстаграм желісіндегі сайыс жеңімпаздарын құттықтаймыз:

  1. Бауыржанқызы Зарина ( Жарма ауданы )
  2. Тоқтармұхаметов Ерзат ( Жарма ауданы )
  3. Рымбаева Ұлпан ( Тарбағатай ауданы )

Баршаңызды көктемгі демалыста Шәкәрім Университетінде күтеміз!!!