Параға емес биікке ұмтыл!

Пресс-служба     21 Feb,2019        

«Семей жобалық кеңсесі» сыбайлас- жемқорлыққа қарсы «ПАРАҒА ЕМЕС, БИІККЕ ҰМТЫЛ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты- рухани санасын жаңғыртып, «Мәңгілік ел»  болуға бағыт алған дербес еліміздің ертеңін бүгіннен ойлау,  сондай-ақ азаматтардың парақорлыққа төзбеушілік принциптерін қалыптастыру. Аталмыш іс-шара 100-ден астам студенттер мен магистранттарды және университет ұжымының қызметкерлерін қамтыды.

Шара барысында п.ғ.к., «Құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Газизова Назигүл Слямболқызы қатысушыларға жемқорлық пен пара алудың сипаты, түрлері, жемқорлықпен күресудегі әлемдік тәжірибелердің маңыздылығы, сондай-ақ, дамыған мемлекеттердің бұл індетпен күресіп, парақорлыққа деген төзімділік индексін едәуір төмендеткенінен хабардар етті.

ШҚО мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Исимбеков Ғалымжан Жұмағалиұлы тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және онымен күрес бағытында атқарылған жұмыстары мен тәртіптік шаралары жөнінде ақпараттармен таныстырды. Құқық бұзушылықтарға  жол берген лауазым иелеріне заң талаптарына сәйкес қолданылатынжазалауға қатысты бейнежазбамен таныстырды.

Шара соңында университет қызметкерлері мен студенттері тақырыпқа қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, арнайы мамандарға сұрақтар қойды.

«Мәңгілік ел» кафедрасының меңгерушісі Оралбекова Бақытгүл Сейтмұхаметқызы құқықтық мәдениетті одан әрі арттыру, түсіндіру, жастарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу тұрғысынан  бұл іс-шараның маңызы зор екенін атап, алдағы уақытта бұл істер әрмен қарай жалғасын табатынын айтты.