Педагогикалық колледждегі «Университет күні»

Асем Утешева     12 Dec,2017        

Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде 9-желтоқсан күні кәсіптік бағдар беру бағдарламасы бойынша «Университеті күні» іс-шарасы өткізілді. Орталық маманы Б. Манежанов колледж студенттеріне күндізгі қысқартылған оқу нысаны бойынша ЖОО-ға түсуге ниет білдірушілерге арналған ТКТ тест тапсырмаларының құрылымы мен тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мерзімі туралы толық ақпарат берді.

Болашақ түлектер алдында Білім алуды жалғастыру факультеті деканының орынбасары М.Искакова, академиялық ұтқырлықпен Венгрияда оқып келген «Шетел және орыс тілі филологиясы» факультетінің 4-курс студенті Р.Маликова, Д.Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің өкілі А.Мақсұтбек сөз сөйледі.

Кездесуге SKACC халықаралық факультеті және «Е-Shakarim» электронды университет» орталығының өкілдері мен «Музыкалық білім беру», «Педагогика», «Психология» кафедраларының оқытушылары қатынасып, колледж бітірушілерді қызықтырған мамандықтар жайлы олармен пікір алмасып, қажетті мәліметтермен бөлісті.

Бағдарлама университтетіміздің өнерлі студенттері әзірлеген шағын концерттік номерлермен жалғасты.