Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

PhD философия докторы дәрежесіне диссертациялық жұмысының қорғауы өткізілді

Асем Утешева     06 Dec,2017        

«Тамақ өнеркәсібінің технологиясы» бағытындағы диссертациялық кеңестің   2017 ж. 24 қарашадағы кезекті мәжілісінде 6D072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы  дәрежесіне ізденуші Айдын Қайырбекұлы Игенбаевтың «Геродиеталық тамақтануға арналған биологиялық белсенді ингридиенттермен байытылған ет өнімдерінің технологиясын жасау» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғауы өткізілді.  

   Диссертациялық жұмыстың нәтижелері  тамақ өнеркәсібіндегі басым бағыттардың бірі  – жас ерекшеліктеріне байланысты  егде және қарт адамдарға арналған геродиеталық тамақ өнімдерін    өндірудің технологиясын жасауға арналған.

        Игенбаев А.Қ. «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының PhD-докторантурасын 2017 ж. бітірді.  Докторантурада оқу кезінде Болгариядағы Пловдив тамақ технологиялары университетінде және Мәскеудегі Бүкілресейлік ет өнеркәсібінің ҒЗИ тағлымдамалардан өтті.   Диссертация  жұмысы  қазақ тілінде қорғалды.

Ғылыми кеңесшілері:

Амирханов Кумарбек Жунусбекович – техника ғылымдарының докторы, профессор, франшиза және технологиялар орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы.

Драгоев Стефан Георгиев – техника ғылымдарының докторы (D.Sc.), профессор, Тамақ технологиялары университеті ғылыми және бизнес әріптестік жұмыстары бойынша проректоры, Пловдив қаласы, Болгария Республикасы.

Диссертациялық жұмыстың ресми рецензенттері Уразбаев Ж.З., техника ғылымдарының докторы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры (Орал қ.) және Абжанова Ш.А.,техника ғылымдарының кандидаты, Алматы технологиялық университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының доценті, диссертациялық жұмыстың нәтижелеріне оң бағаларын берді.

Диссертацияны талқылау кезінде сөйлеген кеңес мүшелері профессорлар А.А. Майоров (Барнаул қ.), А.Ю.Камербаев (Павлодар қ.), А.Л. Қасенов Айдын  Игенбаевтың диссертациялық жұмысына жоғары баға беріп, бірауыздан қолдады.