Профессор Маусымбаевтың 70-жылдық мерейтойына арналған конференция

Маржан Смайлханова     17 Jun,2017        

17 маусым  күні Шәкәрім Университетінде педагогика ғылымдарының докторы, физика профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Маусымбаев Серікбай Сәлімбекұлының  70 жасқа толу мерейтойына арналған «Болашақ педагогты  кәсіби  даярлау: теория  және практика» атты республикалық  ғылыми-практикалық конференция өтті.

Профессор С.С. Маусымбаев Шәкәрім университетінде 47 жыл еңбек етіп,  теориялық физика және педагогика саласында жемісті зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Оның ғылыми еңбектері физика ғылымы мен педагогикаға қосылған баға жетпес мұра болып табылады десек, артық айтпаспыз. Професоордың ғалым-педагог ретінде  педагогтар мен физика саласы мамандарын даярлауда үлкен үлесі бар.

Жиын барысында Маусымбаев Серікбай Сәлімбекұлы “Шәкәрім Университетінің құрметті докторы” атағы берілді. 70-жасқа толып отырған құрметті докторға, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан құттықтай сөзімен алғыс хат табысталды. Еліміздің қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, профессорлар да аталмыш ізгі лебізге қосылды. 

Педагогикалық кадрлар даярлау мәселелері туралы республикалық конференция өткізудің  өзектілігі мен қажеттілігі 120-дан  астам мақалалар мен баяндамалардан көрініс таппақ .

Сонымен қатар, конференция аясында педагогикалық білім беру мәселелері тақырыбына арналған профессор С.С. Маусымбаевтің еңбектерінен шығармашылық көрме ұйымдастырылды.