Психологтарға арналған семинар-тренинг

Ким Валерий     18 Oct,2017        

Инновациялық білім беру технологиялары орталығында 14 қазанда «Медитативті психологиялық тәжірибе» семинар-тренингі өтті.

Бағдарламада динамикалық медитация, суфий билері, айналу, гурджиевтік қозғалыстар ұсынылды. Қатысушылар медитативті әдістермен, медитативті жағдайға түсу, өзін-өзі тереңірек танып-білуге, топпен бірге жаңа сезімдерге кенелу, тәжірибелік жұмыс барысында жаттығуларды қолдану дағдыларының мүмкіндіктерімен іс жүзінде танысты.

Тренингке қала мен аудандардың білім беру және медицина мекемелерінің психологтары, йога бойынша нұсқаушы және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Семинар-тренингке қатысушылар осы бағыттағы жұмысты ары қарай жалғастыру қажеттілігін атап айтты.

Семинар-тренингті орталықтың педагог-психологы С.И.Шелипова  өткізді.