«Рәміздерім – мақтанышым»

Ерлан Койчибеков     05 Jun,2017        

Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл. Осыған орай маусым айының 3-жұлдызында университетіміздің дайындық бөлімінің ұйымдастыруымен «Рәміздерім – мақтанышым» атты флеш-моб өтті. Шараның мақсаты: жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, рәміздерге құрмет көрсету. Жалпы шараға дайындық бөлімінің 70-ке жуық тыңдаушысы қатысты.  Олар патриоттық шарада ерекше белсенділік танытты. Алдымен қаз қатар тізіліп 25 санын бейнелесе, одан кейін жүректің кескінін жасап, ішінде Еліміздің көк байрағын желбіретті. Шара соңында барлығы бірігіп еліміздің әнұранын шырқады. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке шақыратын патриоттық бағыттағы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.