Республикалық жайдарман ойындарының «Туған күн – 2018» “Элемент” командасы өнер көрсетіп қайтты

Пресс-служба     25 Jun,2018        

Жуырда Астана қаласында өткен Республикалық жайдарман ойындарының «Туған күн – 2018» арнайы жобасында университетіміздің Элемент командасы өнер көрсетіп қайтты.

Дәстүрге айналған жайдарман ойындарына биыл 13 жыл толып отыр! Ұйымдастырушылар ойын соңында «J A I D A R M A N» сөзінің әрбір әріптерін номинация ретінде қатысқан 9 командаға үлестіріп берді! Үздік ойын көрсеткен біздің Элемент басты әріп “J“ «Жігер» номинациясын жеңіп алды!

Университет намысын Республикалық сахнада қорғап жүрген Элемент командасына алдағы қыркүйек айында өтетін жартылай финал ойындарына сәттілік тілейміз!