Республикалық Жайдарман ойынының Жоғары лигасында университетіміздің Элемент командасы жүлделі III орынмен оралды

Асем Утешева     06 Dec,2017        

Қаңтар айынан бастау алған жайдарманның «Шабытты» маусымы биыл да өз мәресіне жетті! Қараша айының 29-ы күні Астана қаласында өткен Республикалық Жайдарман ойынының Жоғары лигасында  университетіміздің, қаламыздың, облысымыздың намысын қорғаған Элемент командасы жүлделі III орынмен оралды!

Элемент командасының капитаны Талапкерлерді рекрутинглеу орталығының маманы Қуаныш Тұрсынғалиев: – ерекше алғысымызды үнемі қолдап жүретін Шәкәрім университетіне білдіреміз, сонымен қатар «Көрініс жұлдызбен» сайысында бір сахнада өнер көрсеткен «Жаралы сезім» кинофилімінің актерлері Берік Арықбаев және Регина Шамгуноваға (Қанат пен Арай), кино актер Қажет Смағұлмен  эстрада әншісі Дос ағамызға білдіреміз! Жақсы жаңалықтарда жүздесіп жүре берейік!