пресс-служба Университета Шакарима06 июль 2025астана

Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің Астана күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!  Қадірлі білім алушылар!

Сіздерді еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің символы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

 

Сарыарқаның төсінде бой көтерген сұлу шаһарымыз – Астана бүгінде күллі елдің мақтанышы, халқымыздың кемел келешекке деген сенімінің жарқын көрінісі. Елорда – еліміздің саяси, рухани, мәдени және ғылыми-инновациялық орталығы ғана емес, сонымен қатар, жас ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беретін білім мен тәрбие ордасы.

 

 

Семейлік жастар үшін Астана – жаңашыл ойдың, жасампаздықтың, өркениет пен ғылымның қайнар көзі. Бүгінде Астана еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың арманына айналып, тың идеялар мен бастамалардың тоғысар орталығы болып отыр. Бұл қала – білімге құштар, ел дамуына үлес қосуды мақсат тұтқан  жас буынның болашаққа бастар  шамшырағы.

 

 

Астана – Қазақстан шежіресіндегі сәулеті  келіскен, өзіндік ерекше келбеті бар қала.  Оның көркейіп, гүлденуі әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі мақтаныш сезімін оятады. Астананың әрбір жаңа күні – жаңа мүмкіндіктер мен асқақ армандардың бастауы.

 

 

Осы айтулы мереке күні баршаңызды елордамыздың рухын биік ұстап, еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Жаңа белестер мен биік жетістіктерге бірге жетейік!  

 

 

Ел ордасы – Астана күні құтты болсын! Ұлы дала жүрегі – Астана – үміттің шамшырағы, болашақтың бейнесі, ұлт рухының асқақ нышаны болып, мәңгілік жасай берсін!

 

Құрметпен,  Думан Орынбеков

Только разум, наука, воля, совесть возвышают человека. Думать, что можно иначе возвыситься, может только глупец.

Абай Құнанбайұлы