Организация ветеранов
Ардагерлер кеңесінің төрағасы: техника ғылымдарының докторы, профессор Амирханов Құмарбек Жүнісбекұлы
Мекен-жайы: Глинка көшесі, 20 А, бас ғимарат, 6- этаж, 602 кабинет
e-mail: aspirant57@mail.ru
Ұйымның негізгі мақсаты:
Университет ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау арқылы ардагерлердің өмірінде туындайтын әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу, университеттің жұмысын жетілдіруге белсенді жәрдемдесу және жас ұрпаққа рухани- патриоттық тәрбие беруге ат салысу
Міндеттері:
- Білім алушыларды патриоттық және кәсіптік тәрбиелеу және жас қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауға адал көзқарасын қалыптастыру мақсатында ардагерлердің мол тәжірибесін кеңінен пайдалану;
 - Ұйым мүшелерін әлеуметтік және құқықтық қорғауды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оларды университет басшылығының қарауына енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;
 - Ұйым мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық жұмыстарға қатысуды ұйымдастыру;
 - Жұртшылықты өз қызметі туралы үнемі хабардар ету, ұйымның мақсаттары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
 
Ұйым мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері:
Ұйымның мүшелері - зейнеткерлер, оның ішінде университетте жұмыс істеуші және бұрын істеген қызметкерлер мен ардагерлер.
Ұйым мүшелерінің құқығы:
- ардагерлер кеңесіне сайлану және сайлау;
 - ұйым өткізетін барлық іс-шараларға қатысу;
 - университет қызметіне байланысты мәселелер бойынша Ғылыми кеңеске, КеАҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесіне ұсыныстар енгізу;
 - ұйымның қызметіне қатысты кез келген мәселені талқылауға қатысу және ұсыныстар енгізу.
 
Ұйым мүшелерінің міндеттері:
- ардагерлер туралы Ереженің талаптарын сақтау;
 - ұйымның жалпы жиналысы мен Ардагерлер кеңесінің шешімдерін орындау;
 - ұйымның қызметіне белсенді қатысу.
 
Закон о ветеранах РК
Положение об организации ветеранов НАО «Шәкәрім Университет» КеАҚ
- Виртуальный тур
 - Об университете
 - История университета
 - Шакарим Кудайбердыулы
 - Корпоративное управление
 - Руководители вузов
 - Ученый совет
 - Совет ректоров Восточного региона
 - Основополагающие документы
 - Награды
 - Система внутреннего обеспечения качества
 - Профсоюзная организация
 - Университет без коррупции
 - Государственные закупки
 - Устойчивое развитие
 - Организация ветеранов
 - Контакты и реквизиты
 - Вакансии
 - Общественный фонд «Шәкәрім шапағаты»
 - Структура университета
 - Shakarim High School
 - График приема