10 октябрь 2024

«Shakarim High School» мектебі оқушыларына психологиялық қолдау қызметі психикалық денсаулық күніне арналған стенд

«Shakarim High School» мектеп оқушыларына  университеттің психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, профессор Ш.Сатиева, психикалық денсаулық күніне орай арнайы стенд жасады. Стендте психологиялық денсаулық, оның маңыздылығы, стрессті басқару әдістері, психикалық денсаулыққа қатысты проблемаларды шешу жолдары және қолдау көрсету орталықтары туралы ақпарат берілген. Оқушыларға психикалық денсаулықты сақтауға қатысты пайдалы кеңестер мен ресурстар ұсынылды. Стенд сонымен қатар, психологиялық қолдау қызметінің байланыс деректерін және психикалық денсаулық бойынша мамандарға қалай хабарласуға болатындығын көрсетеді. Біз мектепте психологиялық қолдау қызметін дамытуға басымдылық береміз. Бұл стенд оқушыларға психикалық денсаулықты сақтауға және қажет болған жағдайда қолдау іздеуге көмектеседі деп сенеміз.