Шәкәрім жоғары колледжі Вен балынан жүлделі 3🥉 орынды иеленді
Шәкәрім жоғары колледжінің студенттері жақында өткен Вен балынан жүлделі орынға ие болды. Факультет аралық веналық би жарысынан колледж командасы үшінші орынды жеңіп алып, оқу орнының мәртебесін биіктетті.
Бұл байқау жастар арасында шығармашылықты, шеберлікті және мәдениетті үйлестірудің таптырмас алаңы саналады. Шәкәрім жоғары колледжінің студенттері үздік білімі мен даярлығы арқасында бұл додада өзінің шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Колледж ұжымы мен студенттері бұл жетістікті үлкен қуанышпен қабылдап, алдағы уақытта да шығармашылық байқауларда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылатындарын білдірді. Шәкәрім жоғары колледжі білім мен өнердің қатар дамуын қамтамасыз ете отырып, жастарға өз таланттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл бүгінгі күннің соңғы жетістігі емес,Шәкәрім жоғары колледжінің ұстаздар құрамасы қалалық баскетбол турнирінде тамаша нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Турнир барысында колледж ұжымы 26:1 есебімен қарсыластарына есе жібермеді.
Бұл жеңіс колледж ұстаздарының командалық рухы мен кәсіби шеберліктерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Құраманың барлық мүшелері дене шынықтыру пәні бойынша білімдерін ғана емес, командалық жұмыс пен тактикалық сауаттылықтарын да көрсетті.